О признании утратившими силу некоторых совместных постановлений акимата района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области и решений маслихата района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых совместных постановлений акимата района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области и решений маслихата района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Кейбір бірлескен Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі қаулыларының және Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихаты шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 269
- Қабылданған күні
- 10.10.2024
- Көрсетілген редакция
- 10.10.2024 201652_727464.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.10.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24SE780615
- ЭКБ идентификаторы
- 201652
- Редакция идентификаторы
- 201652_727464
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 09:14
0 Кейбір бірлескен Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі қаулыларының және Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихаты шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Күші жойылды деп танылсын:
бірлескен «№ 4 сайлау округі бойынша шығып қалған депутаттың орнына аудан мәслихатына депутаттыққа кандидаттар сайлаушылармен кездесу өткізу үшін орындар белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2008 жылғы 14 наурыздағы № 47 қаулысы және Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының 2008 жылғы 19 наурыздағы № 5-8 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-5-58 болып тіркелді);
бірлескен «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне, партиялық тізім бойынша сайланатын, депутаттар сайлау жөнінде саяси партиялардың, облыстық және аудандық мәслихаттарға депутаттыққа кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін орындар белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2007 жылғы 16 шілдедегі № 127 қаулысы және Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының 2007 жылғы 17 шілдедегі № 37-8 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-5-42 болып тіркелген).