Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые приказы Министра энергетики Республики Казахстан

Бұйрық · № 365 · қабылданған 11.10.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-201671/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые приказы Министра энергетики Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 365 ·11.10.2024
11.10.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.10.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые приказы Министра энергетики Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 365 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые приказы Министра энергетики Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
365
Қабылданған күні
11.10.2024
Көрсетілген редакция
11.10.2024 201671_723579.kaz
Соңғы өзгеріс
11.10.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400035256
ЭКБ идентификаторы
201671
Редакция идентификаторы
201671_723579
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 09:14

0 Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Көмірсутектерді барлау мен өндіру және уран өндіруді жүргізу кезіндегі консервациялау және жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 22 мамырдағы № 200 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17094 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 126-бабының 1-тармағына және 177-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көмірсутектерді барлау мен өндіру және уран өндіруді жүргізу кезіндегі консервациялау және жою қағидаларында:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы Көмірсутектерді барлау мен өндіру және уран өндіруді жүргізу кезіндегі консервациялау және жою қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 126-бабының 1-тармағына және 177-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және жер қойнауы учаскелерін консервациялау және көмірсутектерді барлау мен өндіру және уранды өндіруді жүргізу кезінде жер қойнауын пайдалану салдарын жою, сондай-ақ технологиялық объектілерді консервациялау және жою тәртібін айқындайды.».

2

2. «Көмірсутектер саласындағы жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 139 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20383 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Көмірсутектер саласындағы жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. «Көмірсутектер саласындағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге лицензия» мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін, мемлекеттік қызмет көрсету нысанын, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың (бұдан әрі – Талап) тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде келтірілген.»;
9-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:
«9. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері 3 (үш) жұмыс күні ішінде аумақтық бөлімше қызметкерінің және (немесе) көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің қорытындысын қарайды. Талаптың 9-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздер болмаған кезде көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруді жүзеге асырады.»;
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада:
реттік нөмірі 9-жол жаңа редакцияда жазылсын:
«
99
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер
1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу кезінде: Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынса;
лицензиялық алым енгізілмесе;
өтініш беруші (көрсетілетін қызметті алушы) Біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;
өтініш берушіге (көрсетілетін қызметті алушыға) қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болса; сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш беруші-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салса; өтініш беруші (көрсетілетін қызметті алушы) лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталса;
2) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – құжаттарды ұсынбау немесе тиісінше ресімделмеуі болып табылады;
3) заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөліну нысандарында қайта ұйымдастырылған кезде:
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін қажетті құжаттарды ұсынбаған немесе тиісінше ресімдемеген жағдайда;
өтініш беруші Біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;
егер лицензия және (немесе) лицензияға қосымша заңды тұлғаларды-лицензиаттарды бөлу нәтижесінде жаңадан пайда болғандардың ішіндегі басқа заңды тұлғаға бұрын қайта ресімделген жағдайда.
».

3 3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Қолданыстағы