О льготном проезде отдельных категорий граждан города Семей на общественном пассажирском транспорте (кроме такси)
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О льготном проезде отдельных категорий граждан города Семей на общественном пассажирском транспорте (кроме такси)
- Атауы (қаз.)
- Семей қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жүруі туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 890
- Қабылданған күні
- 30.09.2024
- Көрсетілген редакция
- 30.09.2024 201693_723548.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.09.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24FA035518
- ЭКБ идентификаторы
- 201693
- Редакция идентификаторы
- 201693_723548
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 09:25
0 Семей қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жүруі туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Заңының 13-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және 31-бабының 2-тармағының 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 20-бабына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Семей қаласы азаматтарының келесі санаттарына қалаішілік қоғамдық көлікте (таксиден басқа) тегін жол жүру белгіленсін:
1 1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектігі бар адамдарға;
2 2) көру қабілеті бойынша І топтағы мүгедектігі бар адамдарға жетектеушісімен;
3 3) көру қабілеті бойынша ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
4 4) ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлерге;
5 5) І топтағы мүгедектігі бар адамдарға жетектеушісімен;
6 6) ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
7 7) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;
8 8) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға;
9 9) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тұратын балаларға;
10 10) көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға;
11 11) мүгедектігі бар балаларға жетектеушісімен;
12 12) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға;
2 2. Семей қаласы жолаушыларының мынадай санаттарына қалаішілік қоғамдық көлікте (таксиден басқа) тариф құнының 50 (елу) пайыз жеңілдікпен жол жүру белгіленсін:
1 1) 7 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға – тарифтің 50%;
2 2) 70 жастан асқан зейнеткерлерге – тарифтің 50 %.
3 3. «Абай облысы Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бірлескен Семей қаласы әкімдігінің қаулысы мен Семей қаласы мәслихатының шешімі Абай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бірлескен Семей қаласы әкімдігінің қаулысын және Семей қаласы мәслихатының шешімін ресми жарияланғаннан кейін Семей қаласы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастыру.
4 4. Осы бірлескен Семей қаласы әкімдігінің қаулысы мен Семей қаласы мәслихатының шешімінің орындалуын бақылау жетекшілік ететін Семей қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
5 5. Күші жойылды деп танылсын:
1
1) «Семей қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жүруі туралы» Семей қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 4 ақпандағы № 244 бірлескен қаулысы және Семей қалалық мәслихатының 2021 жылғы 1 ақпандағы № 3/17-VII шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8402 болып тіркелген);
2
2) Семей қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 345 бірлескен қаулысы және Семей қаласы мәслихатының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 2/21-VIII шешімі «Семей қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 4 ақпандағы № 244 бірлескен қаулысына және Семей қаласы мәслихатының 2021 жылғы 1 ақпандағы № 3/17-VII шешіміне «Семей қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жүруі туралы» өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 61-18 болып тіркелген).