Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил установления изъятий из национального режима при осуществлении государственных закупок

Қаулы · № 853 · қабылданған 15.10.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-201747/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил установления изъятий из национального режима при осуществлении государственных закупок Қолданыста Қаулы ·№ 853 ·15.10.2024
13.08.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.08.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил установления изъятий из национального режима при осуществлении государственных закупок

Қолданыста Қаулы ·№ 853 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил установления изъятий из национального режима при осуществлении государственных закупок
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен шығарып тастауды белгілеу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
853
Қабылданған күні
15.10.2024
Көрсетілген редакция
13.08.2025 201747_771386.kaz
Соңғы өзгеріс
13.08.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2400000853
ЭКБ идентификаторы
201747
Редакция идентификаторы
201747_771386
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 09:12

0 Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен шығарып тастауды белгілеу қағидаларын бекіту туралы

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен шығарып тастауды белгілеу қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін, бірақ ерте дегенде 2025 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізіледі.

1 Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен шығарып тастауды белгілеу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен
шығарып тастауды белгілеу
қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Осы Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен шығарып тастауды белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабына сәйкес әзірленді.

2 2. Осы Қағидалар мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен шығарып тастауды белгілеу тәртібін айқындайды.

3 3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1

1) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен шығарып тастау – басқа мүше мемлекеттердің әлеуетті өнім берушілерінің (мердігерлерінің, бірлесіп орындаушыларының) нақты тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне қатысуға қол жеткізуін шектеудің не экономиканың белгілі бір салаларында жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуға қол жеткізуін шектеудің Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бірі үкіметінің актісінде белгіленуі;

2 2) мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – мемлекеттiк сатып алу саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

2 2-тарау. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен шығарып тастауды белгілеу тәртібі

4

4. Қазақстан Республикасының Үкіметі конституциялық құрылыстың негіздерін қорғау, елдің қорғанысы мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ішкі нарықты қорғау, ұлттық экономиканы дамыту, қазақстандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында ұлттық режимнен шығарып тастауды екі жылдан аспайтын мерзімге белгілейді.

5 5. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен шығарып тастауды белгілеу қажет болған жағдайда мемлекеттік орган өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұлттық режимнен шығарып тастауды белгілейтін қаулысының жобасын (бұдан әрі – қаулы жобасы) әзірлейді.

6 6. Әзірлеуші мемлекеттік орган әзірлеген қаулы жобасын уәкілетті орган ол Үкіметке енгізілгенге дейін, барлық мүдделі мемлекеттік органдармен келісілгеннен кейін келіседі.

7 7. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен шығарып тастауды белгілейтін қаулы жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына енгізген және басқа мемлекеттік органдармен келіскен кезде:

1 1) қаулы жобасын;

2 2) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен шығарып тастауды белгілеу қажеттігінің негіздемесін;

3 3) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен шығарып тастауды белгілеу қажеттігіне негіз болуы мүмкін өзге де құжаттар (материалдар) мен мәліметтерді;

4 4) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қаулы жобасын қабылдау қажеттігін негіздеу үшін ұсынылатын көрсеткіштер мен мәліметтердің тізбесін ұсынады.

8 8. Әзірлеуші мемлекеттік орган қаулы жобасын мемлекеттік органдармен келіскеннен кейін оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 10 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламентінде белгіленген тәртіппен енгізеді.

3 3-тарау. Ұлттық режимнен шығарып тастауды белгілеу туралы хабарлау тәртібі

9

9. Уәкілетті орган күні бұрын, бірақ шығарып тастауды белгілеу туралы акт қабылданатын күнге дейін кемінде күнтізбелік он бес күн бұрын Еуразиялық экономикалық комиссияға және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің әрқайсысына хабарлама мен осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген құжаттар тізбесін жібереді.

10 10. Егер Еуразиялық экономикалық комиссия уәкілетті органнан осы Қағидалардың 7-тармағында көзделмеген өзге мәліметтерді сұратса, уәкілетті орган көрсетілген сұратуды бір жұмыс күні ішінде әзірлеуші мемлекеттік органға жібереді.

11 11. Әзірлеуші мемлекеттік орган осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген сұратуды қарайды және уәкілетті органнан осындай сұрату салынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тиісті ақпарат ұсынады.

12 12. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген сұратуға бір жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жауап береді.

_____________________________

1-1 Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен шығарып тастауды белгілеу қажеттігінің негіздемесі

Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру кезінде ұлттық
режимнен шығарып тастауды
белгілеу қағидаларына
1-қосымша
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен шығарып тастауды белгілеу қажеттігінің негіздемесі
Р/с

Негіз­де­ме­де көр­се­ті­лу­ге ти­іс мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
Әзір­ле­у­ші мем­ле­кет­тік
ор­ган­ның ақ­па­ра­ты
1.
Жо­ба­ны әзір­ле­у­ші мем­ле­кет­тік ор­ган
2.
Жо­ба­ны қа­был­дау қа­жет­ті­гі­нің негіз­де­ме­сі
3.
Жағ­дай­дың өзге­ше­лі­гі­нің негіз­де­ме­сі
4.
Мем­ле­кет­тік са­тып алу­ды жү­зе­ге асы­ру аяқ­тал­ған­ға дей­ін әле­ует­ті өнім бе­ру­ші­лер ту­ра­лы ақ­па­рат­ты жа­сы­рын сақ­тау қа­жет­ті­гіне бай­ла­ны­сты мем­ле­кет­тік са­лып алу­ды жү­зе­ге асы­ру ерекше­лік­те­рін бел­гі­леу қа­жет­ті­гі­нің негіз­де­ме­сі (егер қа­был­да­на­тын ак­ті­де осын­дай ерекше­лік­тер бел­гі­ле­не­тін бол­са)
5.
Шар­тты ті­ке­лей жа­са­су ар­қы­лы бір көз­ден мем­ле­кет­тік са­тып алу қа­жет­ті­гі­нің негіз­де­ме­сі (егер қа­был­да­на­тын ак­ті­де жал­ғыз өнім бе­ру­ші ай­қын­да­ла­тын бол­са)
6.
Жо­ба­ны қа­был­да­удың нақ­ты мақ­сат­та­ры, кү­ті­ле­тін нәти­же­лер­дің мер­зім­де­рі мен бо­лжам­ды ти­ім­ді­лі­гі
7.
Мем­ле­кет­тік са­тып алу­ды жү­зе­ге асы­ру ке­зін­де ұлт­тық ре­жим­нен шы­ға­рып та­ста­уды бел­гі­леу қа­жет­ті­гіне негіз бо­луы мүм­кін өзге де құ­жат­тар (ма­те­ри­ал­дар) мен мә­лі­мет­тер
Мемлекеттік органның бірінші басшысы ___________________________
(қолы, қолдың толық жазылуы)
Күні_________________
_____________________________

1-2 Қаулы жобасын қабылдау қажеттігін негіздеу үшін ұсынылатын көрсеткіштер мен мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру кезінде ұлттық
режимнен шығарып тастауды
белгілеу қағидаларына
2-қосымша
Қаулы жобасын қабылдау қажеттігін негіздеу үшін ұсынылатын
көрсеткіштер мен мәліметтердің
тізбесі
1. Тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) тұтынылу көлемі*.
2. Мүше мемлекетке және қажет болса, үшінші елдерге қатысты тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) әкелу және әкету көлемі*.
3. Тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) мемлекеттік сатып алу көлемі*.
4. Тауар өндіру (жұмысты орындау, қызмет көрсету) көлемі**.
5. Тауар өндірушілердің өндірістік қуатының жүктемесі**.
6. Тауар өндірудің рентабельділігі**.
7. Тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) бір бірлігінің өндірісіне жұмсалатын шығын**.
8. Тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметтің) өндірушілер бағаларының орташа деңгейі**.
9. Инвестиция көлемі**.
10. Ұлттық режимнен шығарып тастауға рұқсат беру мен оның қажеттігі туралы тұжырым жасауға мүмкіндік беретін тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) ерекше сипаттамалары.
Ескертпелер:
* көрсеткіштің мәні жалпы Қазақстан Республикасы бойынша ұсынылады;
** көрсеткіштің мәні Қазақстан Республикасының өндірушілері бөлінісінде ұсынылады.
Көрсеткіштер мен мәліметтер алдыңғы үш жылдық кезеңге ұсынылады және қажеттілігіне қарай статистикалық есептіліктің немесе бухгалтерлік теңгерімнің деректерімен расталады, сондай-ақ ағымдағы кезеңге арналған болжамдық көрсеткіштер ұсынылады.
Көрсеткіштер мен мәліметтер бойынша деректер болмаған жағдайда мұндай деректердің болмау себептері көрсетіледі.
______________________________

2 Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы « »
№ қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

1 1. «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1178 қаулысы.

2 2. «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1178 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 мамырдағы № 260 қаулысы.

3

3. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 236 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 13-тармағы.

4 4. «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1178 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 29 наурыздағы № 240 қаулысы.

__________________________________

Қолданыстағы