Об утверждении норм потребления коммунальных услуг по водоснабжению и водоотведению для потребителей города Алматы, не имеющих приборов учета
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении норм потребления коммунальных услуг по водоснабжению и водоотведению для потребителей города Алматы, не имеющих приборов учета
- Атауы (қаз.)
- Алматы қаласының есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылары үшін сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 4/560
- Қабылданған күні
- 14.10.2024
- Көрсетілген редакция
- 14.10.2024 201748_725818.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.10.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24R0004560
- ЭКБ идентификаторы
- 201748
- Редакция идентификаторы
- 201748_725818
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 09:12
0 Алматы қаласының есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылары үшін сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабы 1 тармағының 34) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №292 бұйрығымен бекітілген Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың коммуналдық қызметтерін тұтыну нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11017 болып тіркелген) Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін Алматы қаласы бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары бекітілсін:
1 1) 1 қосымшаға сәйкес сумен жабдықтау бойынша;
2 2) осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес су бұру бойынша.
2 2. Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулыны Алматы қаласы әкімдігінің ресми интернет - ресурсында орналастыруды;
2 2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Алматы қаласы бойынша есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін сумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары
Алматы қаласы әкімдігінің
2024 жылғы «___» _____________
№____ қаулысына
1 қосымша
Алматы қаласы бойынша есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін сумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары
№ р/с
Атауы
Есептегіш
тәулігіне литр
айына м3
1
Көше колонкаларынан суды талдау
1 адамға
25
0,75
2
Тұрмыстық қажеттіліктер мен санитарлық-гигиеналық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін су тұтыну
1 адамға
500
15,0
3
Апатты үй-жайлары бар, ескірген деп танылған көппәтерлі тұрғын үйлер, суды есепке алу аспаптарын орнатудың техникалық мүмкіндігі жоқ жалпыға ортақ пайдаланылатын орындары бар жатақханалар
1 адамға
179
5,37
4
Суды тұрмыстық емес пайдалану (жасыл желектерді, көгалдарды, гүлзарларды, бақшаны, тротуар ағаштарын, төсеніштерді және т.б. суару)
* салынбаған жер учаскесінің 1 сотығына
-
10
* Ескерту:
* 6 ай суару кезеңінде 1 сотығын суару алаңының айына м3 көлемі (суару кезеңі 15 сәуірден 15 қазанға дейін). Бұл ретте жасыл желектерді суару уақыты сағат 23.00-ден 05.00-ге дейін рұқсат етіледі.
2 Алматы қаласы бойынша есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін су бұру бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары
Алматы қаласы әкімдігінің
2024 жылғы «___» _____________
№____ қаулысына
2 қосымша
Алматы қаласы бойынша есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін су бұру бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары
№ р/с
Атауы
Есептегіш
тәулігіне литр
айына м3
1
Суық суды бұру
1 адамға
500
15,0
2
Апатты үй-жайлары бар, ескірген деп танылған көппәтерлі тұрғын үйлер, суды есепке алу аспаптарын орнатудың техникалық мүмкіндігі жоқ жалпыға ортақ пайдаланылатын орындары бар жатақханалар
1 адамға
179
5,37
3
Ыстық суды бұру
1 адамға
105
3,15