О признании утратившими силу некоторых совместных приказов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых совместных приказов
- Атауы (қаз.)
- Кейбір бірлескен бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 356
- Қабылданған күні
- 17.10.2024
- Көрсетілген редакция
- 17.10.2024 201867_725388.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.10.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400035278
- ЭКБ идентификаторы
- 201867
- Редакция идентификаторы
- 201867_725388
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 09:09
0 Кейбір бірлескен бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1 1. Күші жойылды деп танылсын:
1
1) «Жеке кәсіпкерлік саласындағы асыл тұқымды мал шаруашылығы және тұқым шаруашылығы салаларындағы мемлекеттік бақылау бойынша және өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік қадағалау бойынша тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 1 қыркүйектегі № 18-03/495 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 16 қыркүйектегі № 313, «Жеке кәсіпкерлік саласындағы асыл тұқымды мал шаруашылығы және тұқым шаруашылығы салаларындағы мемлекеттік бақылау бойынша және өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік қадағалау бойынша тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 1 қыркүйектегі № 18-03/496 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 16 қыркүйектегі № 312 бірлескен бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 24 мамырдағы № 18-03/269 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 28 мамырдағы № 174 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7767 болып тіркелген);
2
2) «Жеке кәсіпкерлік саласындағы асыл тұқымды мал шаруашылығы және тұқым шаруашылығы салаларындағы мемлекеттік бақылау бойынша және өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау бойынша тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 1 қыркүйектегі № 18-03/495 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 16 қыркүйектегі № 313, «Жеке кәсіпкерлік саласындағы асыл тұқымды мал шаруашылығы және тұқым шаруашылығы салаларындағы мемлекеттік бақылау бойынша және өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау бойынша тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 1 қыркүйектегі № 18-03/496 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 16 қыркүйектегі № 312 бірлескен бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 28 қаңтардағы № 8/72 және Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 10 ақпандағы № 29/НҚ бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9240 болып тіркелген).
2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық
статистика және арнайы есепке
алу жөніндегі комитеті