Об утверждении норм потребления тепловой энергии
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении норм потребления тепловой энергии
- Атауы (қаз.)
- Жылу энергиясын тұтыну нормаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 369
- Қабылданған күні
- 21.10.2024
- Көрсетілген редакция
- 06.03.2026 201945_812639.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.03.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400035286
- ЭКБ идентификаторы
- 201945
- Редакция идентификаторы
- 201945_812639
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 09:08
0 Жылу энергиясын тұтыну нормаларын бекіту туралы
«Жылу энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тұрғын үй-жайларына жылу энергиясын тұтыну нормалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
1 Тұрғын үй-жайларға жылу энергиясын тұтыну нормалары
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және
құрылыс министрінің
2024 жылғы 21 қазандағы
№ 369
Бұйрыққа қосымша
Тұрғын үй-жайларға жылу энергиясын тұтыну нормалары
Климаттық аймақ
Өлшем бірлігі
Ғимараттың қабаты
2
3
4,5
6,7
8,9
10,11
12 және одан жоғары
I
климаттық аймақ
гигакаллорий/м2
0,1333 ден 0,1859-ге дейін
0,1197 ден 0,1520-ге дейін
0,1155 ден 0,1467-ге дейін
0,1081 ден
0,1373-ге дейін
0,1027 ден 0,1303-ге дейін
0,0969 ден 0,1230-ге дейін
0,0933 ден
0,1185-ге дейін
II
климаттық аймақ
гигакаллорий/м2
0,0898-ден 0,1332-ге дейін
0,0807-ден 0,1197-ге дейін
0,0778-ден 0,1155-ке дейін
0,0729-дан 0,1081-ге дейін
0,0692-ден 0,1026-ға дейін
0,0653-тен 0,0968-ге дейін
0,0629-дан 0,0933-ке дейін
III
климаттық аймақ
гигакаллорий/м2
0,0897 дейін
0,0806 дейін
0,0777 дейін
0,0728 дейін
0,0691 дейін
0,0652 дейін
0,0628 дейін
Ескерту: осы жылу энергиясын тұтыну нормалары тек тұрғын үй-жайларға қолданылады.