Құжат мәтініне өту

Об определении порядка и условий установления стимулирующих надбавок за счет средств местного бюджета к должностным окладам работников организаций, финансируемых из местного бюджета

Қаулы · № 682 · қабылданған 18.10.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-201966/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об определении порядка и условий установления стимулирующих надбавок за счет средств местного бюджета к должностным окладам работников организаций, финансируемых из местного бюджета Қолданыста Қаулы ·№ 682 ·18.10.2024
18.10.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.10.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении порядка и условий установления стимулирующих надбавок за счет средств местного бюджета к должностным окладам работников организаций, финансируемых из местного бюджета

Қолданыста Қаулы ·№ 682 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении порядка и условий установления стимулирующих надбавок за счет средств местного бюджета к должностным окладам работников организаций, финансируемых из местного бюджета
Атауы (қаз.)
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстеме ақыларын белгілеу тәртібі мен шарттарын айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
682
Қабылданған күні
18.10.2024
Көрсетілген редакция
18.10.2024 201966_724865.kaz
Соңғы өзгеріс
18.10.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G24UD00682A
ЭКБ идентификаторы
201966
Редакция идентификаторы
201966_724865
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 09:08

0 Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын

ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық
айлықақыларына жергілікті бюджет
қаражаты есебінен ынталандыру
үстемеақыларын белгілеу тәртібі
мен шарттарын айқындау туралы
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысының 5-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес, Түркістан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2 2. «Түркістан қаласы әкімдігінің Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т.Төлегеновке жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттары

Түркістан қаласы әкімдігінің 2024 жылғы
18 қазандағы «Жергілікті бюджеттен
қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің
лауазымдық айлықақыларына жергілікті
бюджет қаражаты есебінен ынталандыру
үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен
шарттарын айқындау туралы»
№ 682 қаулысына қосымша
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар (бұдан әрі – Ұйымдар) жұмыскерлердің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандырушы үстемеақыларды белгілеудің тәртібі мен шарттары (бұдан әрі – Тәртіп) "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағы 3)-тармақшасының негізінде әзірленді және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлердің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттарын айқындайды бюджет, оның ішінде аудандық бюджет, аудандық маңызы бар қала, ауыл және ауылдық округтер бюджеттері (бұдан әрі – ынталандыру үстемеақылары).

2 2-тарау. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлердің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі

2 2. Лауазымдық жалақыға ынталандырушы үстемеақылар белгілеуді ұйым басшысының не оны алмастыратын тұлғаның бұйрығымен дербес құрылымдық бөлімшелер басшыларының жазбаша ұсынысының негізінде не ұйым басшысының дербес ұсынуы негізінде жүргізіледі.

Құрылымдық бөлімшелердің басшыларына лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу ұйым басшысының ұсынысы негізінде жүргізілуі мүмкін.

3 3. Ұсыныста жұмыскердің тегі мен лауазымы, тәртіптік жазаның жоқтығы туралы негіздер, мәліметтер және қалалық мәслихаттың шешімімен белгіленген үстемеақы мөлшері көрсетіледі.

3 3-тарау. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлердің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақылар белгілеу шарттары

4 4. Ынталандыру үстемеақылары жұмыскерлерді ынталандыру мақсатында белгіленетін төлемдер болып табылады.

5

5. Ынталандыру үстемеақылары Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу жүйесі туралы" қаулысында көзделген материалдық көмектің және ынталандыру төлемдердің бұрыннан бар түрлеріне қосымша төлемдер болып табылады.

6 6. Ынталандыру үстемеақыларын төлеу жұмыскерлердің еңбегін ынталандырудың өзге түрлерін (сыйлықақылар, қосымша ақылар, лауазымдарды қоса атқарғаны үшін, қызмет көрсету аймағының кеңеюі, үстеме жұмыс және басқалар үшін үстемеақылар) төлеуді тоқтату үшін негіз болып табылмайды.

7 7. Ынталандыру үстемеақыларды белгілеу құқығын беретін жұмыскерлер қызметінің нәтижелерін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер:

1 1) орындаушылық және еңбек тәртібін сақтау;

2 2) белгілі бір кезеңдегі жұмыс нәтижелері;

3 3) лауазымдық міндеттерді үлгілі және мінсіз орындау, аса маңызды және күрделі тапсырмаларды орындау және жұмыстағы басқа да жетістіктері;

4 4) Ұйымның одан әрі қалыпты (үздіксіз) жұмысының шұғыл орындалуына байланысты болатын шұғыл және алдын ала күтпеген жұмыстарды орындау.

8 8. Лауазымдық айлықақыларға ынталандыру үстемеақы жұмыскерлерге белгіленбейді:

1 1) алынбаған тәртіптік жаза болған кезде;

2 2) Ұйымда бір айдан кем жұмыс істегендерге;

3 3) сынақ мерзімінен өту кезеңіне;

4 4) лауазымның тиісті санатының функциялары уақытша орындалған жағдайда;

5 5) жұмыскерді материалдық жауапкершілікке тарту кезеңінде;

6 6) жұмыскердің еңбекке уақытша жарамсыздығы кезеңінде;

7 7) жалақысы сақталмайтын демалыс кезеңінде;

8 8) оқу демалысы кезеңінде;

9 9) жүктілікке және баланың (балалардың) туылуына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыс кезеңінде;

10 10) бала үш жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыс кезеңінде.

9 9. Ынталандыру үстемеақылары және олардың мөлшері Түркістан қалалық мәслихатының шешімімен белгіленеді.

10 10. Ынталандыру үстемеақылары еңбекақының негізгі көрсеткіштерін, бюджет мүмкіндіктерін талдауға негізделе отырып және Қазақстан Республикасының заңнамасы өзгерген жағдайда жыл сайынғы негізде қайта қаралуы мүмкін.

11 11. Бюджеттік ұйымдар жұмыскерлердің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын төлеуге арналған бюджет қаражаты мемлекеттік ұйымды қаржыландыру жоспарында (даму жоспарында) әрбір қаржы жылында көзделуге тиіс.

Қолданыстағы