Құжат мәтініне өту

О дальнейшем совершенствовании земельных отношений и практической реализации норм и положений Земельного кодекса Республики Казахстан

Қаулы · № а-5/85 · қабылданған 29.04.2004
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-20201/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О дальнейшем совершенствовании земельных отношений и практической реализации норм и положений Земельного кодекса Республики Казахстан Күшін жойған Қаулы ·№ а-5/85 ·29.04.2004
08.04.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.04.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О дальнейшем совершенствовании земельных отношений и практической реализации норм и положений Земельного кодекса Республики Казахстан

Күшін жойған Қаулы ·№ а-5/85 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О дальнейшем совершенствовании земельных отношений и практической реализации норм и положений Земельного кодекса Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің ережелерін іс жүзінде жүзеге асыру және жер қатынастарын одан әрі жетілдіру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
а-5/85
Қабылданған күні
29.04.2004
Көрсетілген редакция
08.04.2009 20201_207182.kaz
Соңғы өзгеріс
08.04.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V04BI002585
ЭКБ идентификаторы
20201
Редакция идентификаторы
20201_207182
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 20:09

0 Қазақстан Республикасы Жер кодексінің ережелерін іс жүзінде жүзеге асыру және жер қатынастарын одан әрі жетілдіру туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442-11 Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-11 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес, ауыл шаруашылық саласындағы жерлерді жеке меншікке беруге орай әдістемелік көмек көрсету мақсаттарында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Аудандық жұмыс тобы құрылсын (қосымша 1).

2 2. Аудандық жұмыс тобының ережесі мен негізгі міндеттері бекітілсін (қосымша 2).

1 1) аудандық жұмыс тобына келісім бойынша әкімдерінің төрағалығымен жұмыс топтарын құрсын;

2 2) жер учаскелерін саудаға қою жөніндегі ақпараттарын (конкурс, аукцион), 2004 жылдың 1 мамырына дейін тапсырсын;

3 3) жерді пайдаланушылар арасында әрбір жер учаскелері жөніндегі өздерінің ойларын анықтау үшін түсініктеме жұмысын жүргізсін;

4 4) жерді пайдаланушылардың (субарендаторлар) жерді пайдаланудағы өз құқықтарын жүзеге асыру жөніндегі ойлары бойынша мониторинг нәтижелерін тоқсан сайын тапсырсын.

5 5) әр жер учаскесін қоса есептегенде, ауданда ауыл шаруашылығы өндірісінің ақпараттық базасын құруды қамтамасыз етсін.

3 3. Аудандық жер ресурстарын басқару жөніндегі, аудандық жер инспекциясына ұсынылсын:

1 1) жер үлесі иелерінің іс-қимылдарын негізгі заңнамамен жүргізуде өздерінің құқықтарын іске асыруды бақылауды қамтамасыз ету;

2 2) аудандар және қалалар әкімдерімен бірлесіп, жерді қайтара пайдалану және ауыл шаруашылық жерлеріне қосалқы жалгерлік күшін жою туралы шарттарды бұзу жөніндегі жұмыс 2005 жылдың 1 қаңтарына дейін жүргізу;

3 3) шартты жер үлестерін пайдаланушылардың өз құқықтарын жүзеге асыру және ауыл шаруашылығы саласындағы жерлерді қосалқы жалға алу шартын бұзу жөнінде мониторинг енгізу.

4 4) егіншілікке инвестиция тарту және жер учаскелерінде коммерциялық пайдаланумен бюджетке түсетін қаржыны көбейту үшін, аудандар мен қалаларда жер аукциондары мен конкурстарын өткізу тәжірибесі кеңінен насихаттау;

5 5) жерлерді пайдалануда және қорғауда мемлекеттік бақылауды күшейту жөніндегі жұмыс жетілдіру.

4 4. Аудан әкімінің баспасөз қызметі жер реформасын жүргізу шараларын бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жазатын болсын.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.И.Захаровқа жүктелсін.

6 6. Осы қаулы Әділет Департаментінде тіркелген күннен бастап күшіне енеді.

17 Ерейментау ауданы әкімдігінің

2004 жылғы 30.04. N а-5/85
қаулысына 1 қосымша
"Қазақстан Республикасы Жер
кодексінің ережелерін іс жүзінде
жүзеге асыру және жер қатынастарын
одан әрі жетілдіру туралы"
Аудандық жұмыс тобының
ҚҰРАМЫ
Алексей Иванович
Захаров - аудан әкімінің орынбасары,
жұмыс тобының төрағасы
Сайлау Қатайұлы
Сейітқанов - Аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің бастығы,
жұмыс тобы төрағасының орынбасары
Серік Шакарұлы
Жұмабеков - Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық министрлігі
Ерейментау аудандық аумақтық басқармасының
бастығының уақытша міндетін атқарушы
Елена Васильевна
Дробот - жер ресурстары жөніндегі комитеттің бас маманы,
жұмыс тобының хатшысы (келісім бойынша)
Сергей Николаевич
Пикалов - Ерейментау аудандық жер ресурстарын басқару
жөніндегі комитеттің төрағасы (келісім бойынша)
Егор Михайлович
Топорков - аудан әкімі аппаратының құқық мәселелері жөніндегі
бас маманы
Жомарт Мұратұлы
Серғалиев
- Ерейментау ауданының жер қорғау және пайдалану
туралы мемлекеттік инспекторы
Байтұрсын Хамидоллаұлы
Сәкенбаев
- Қоршаған ортаны қорғау Ерейментау ауданының
облыстық басқармасының өкілетті
инспекторы (келісім бойынша)
Аглая Алексеевна
Огай - Сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық, сауда
және жол шаруашылығы басқаратын бөлімінің бас
маманы

18 Ерейментау ауданы әкімдігінің

2004 жылғы 30.04. N а-5/85
"Қазақстан Республикасы Жер
кодексінің ережелерін іс жүзінде
жүзеге асыру және жер қатынастарын
одан әрі жетілдіру туралы"
қаулысына 2 қосымша
Аудан жұмыс тобы туралы ереже

1 1. Жалпы ережелер

Аудандық жұмыс тобы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің негізгі нормаларын және Ережелерін жүзеге асыру жөнінде мемлекеттік өкілеттік органдардың іс-қимылын үйлестіру мақсаттарында, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары А.С.Есімовтің 2004 жылғы 26 ақпандағы N 17-71/и-101 тапсырмасына сәйкес құрылған.

2 2. Жұмыс тобының негізгі міндеттері

1 1. Жерді тиімді пайдалану, топырақтың құнарлығын арттыру, басқа да, табиғат қорғау шаралары кешенінде жер ресурстарын қорғау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу.

2 2. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің негізгі нормаларын және ережелерін, олардың заңнама актілерін іс жүзінде жүзеге асыруда әдістемелік көмек көрсету.

3 3. Азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың қосалқы шарттарын бұзу тәртібі мен қажеттігін түсіндіру және заңда көрсетілгеніндей шартты жер үлестері барлардың өз құқықтарын 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін жүзеге асыру.

4 4. Мемлекеттік меншіктегі және жерді пайдалануға берілмеген жер учаскелерін жалға беру құқығын немесе аудандық ауылдары және қаланың сауда тәсілімен сатуға қойылатын нақты жер учаскелерін келісу (конкурстар, аукциондар).

5 5. Жерлері ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санаттарына енгізу және ерекше қорғалатын аймақ резервіне жатқызу жөнінде ұсыныс енгізу.

6 6. Жер учаскелерін меншікке беру немесе Ерейментау қаласының ерекше қала құрылысын реттеу аймағындағы жерді пайдалануға беру жөніндегі ұсыныстар енгізу.

3 3. Жұмыс тобының жұмысын ұйымдастыру

1 1. Аудан жұмыс тобын төраға басқарады, аудан әкімінің орынбасары.

2 2. Төраға жұмыс тобының жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді.

3 3. Жұмыс тобының мәжілісі аудандық жұмыс тобының негізгі талаптарына сәйкес, жер құқығы қатынастары мәселелері жөніндегі түскен өтінімдер бойынша өткізіледі.

4 4. Жұмыс тобы төрағасының құқығы:

жұмыс тобының мәжілісіне істелген жұмыс туралы есептерін талдау, қарастырылған мәселелерді шешу үшін аудандық жұмыс топтарының төрағаларын шақыру;
жұмыс топтарының мүшелерінен және аудандық жұмыс топтарының төрағаларынан Жер кодексін іске асыру жөніндегі ақпаратты талап ету.
"Ерейментау ауданының жер реформасының негізгі бағыттары мен жер қатынастарын одан әрі жетілдіру туралы" іс-шараларды орындауда қанағаттанғысыз жұмыс істеген лауазымды тұлғаларға тәртіптік жаза қолдану жөнінде аудан әкіміне ұсыныс енгізу.

Қолданыстағы