Құжат мәтініне өту

О правилах организации и финансирования подготовки, переподготовки, повышения квалификации субъектов малого предпринимательства

Қаулы · № 158/5 · қабылданған 19.05.2004
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-20205/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О правилах организации и финансирования подготовки, переподготовки, повышения квалификации субъектов малого предпринимательства Күшін жойған Қаулы ·№ 158/5 ·19.05.2004
24.07.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.07.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О правилах организации и финансирования подготовки, переподготовки, повышения квалификации субъектов малого предпринимательства

Күшін жойған Қаулы ·№ 158/5 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О правилах организации и финансирования подготовки, переподготовки, повышения квалификации субъектов малого предпринимательства
Атауы (қаз.)
Шағын кәсіпкерлік субъектілерін дайындау, қайта дайындау, біліктілігін ұйымдастыру және қаржыландыру ережелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
158/5
Қабылданған күні
19.05.2004
Көрсетілген редакция
24.07.2009 AI20205_2.kaz
Соңғы өзгеріс
24.07.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V04PL002598
ЭКБ идентификаторы
20205
Редакция идентификаторы
AI20205_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 20:06

0 Шағын кәсіпкерлік субъектілерін дайындау, қайта дайындау, біліктілігін ұйымдастыру және қаржыландыру ережелері туралы

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Ұсынылып отырған шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн дайындау, қайта дайындау, бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру және қаржыландыру ережелерi бекiтiлсiн.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Т.В. Ильинаға жүктелсiн.

3 Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн дайындау, қайта дайындау, бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру және қаржыландыру ҚАҒИДАЛАРЫ

Аудан әкiмдiгiнiң 2004 жылғы
20 мамырдағы "Шағын кәсiпкерлiк
субъектiлерiн дайындау,
қайта дайындау, бiлiктiлiгiн арттыруды
ұйымдастыру және қаржыландыру
ережелерi туралы" № 158/5
қаулысымен бекiтiлдi
Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн дайындау, қайта дайындау, бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру және қаржыландыру
ҚАҒИДАЛАРЫ
Осы Қағида бiлiм беру құқығы бар кәсiпорындарда шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн дайындау, қайта дайындау, бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртiбiн анықтайды.

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн дайындау, қайта дайындау, бiлiктiлiгiн арттыру кәсiпкерлiкке мемлекеттiк қолдау және олардың еңбек рыногында бәсекелестiгiн арттыруға бағытталады.

2 2. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн дайындау, қайта дайындау, бiлiктiлiгiн арттыруға:

1 1) мамандығы жоқ, мамандық алып, сол мамандық бойынша жұмыс iстегiсi келетiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн дайындау (бастапқы кәсiби бiлiм);

2 2) кәсiби бiлiктiлiгiн жетiлдiру, (қосымша бiлiм) жоғары разряд (сынып, санат) алу, өндiрiстiк талап есебiн ескере отырып жаңа технология мен техниканы игеру мақсатында бiлiктiлiгiн арттыру;

3 3) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi нақты кәсiбi бойынша жұмыс қабiлетiн жоғалтса жаңа мамандық алу мақсатында қайта дайындау (қайта оқыту).

3 3. Бюджеттiк бағдарламаның әкiмгерi экономика және кәсiпкерлiктi дамыту бөлiмi болып табылады.

4 4. Бағдарламаны жүзеге асыру мерзiмi - 2004 жыл бойы.

2 2. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн дайындау, қайта дайындау, бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру

5

5. Аталған бюджеттiк бағдарламаның әкiмгерi шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң кәсiби бағдарына тегiн қызмет көрсетедi және шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау және дамыту бағдарламасына сәйкес шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн дайындау, қайта дайындау, бiлiктiлiгiн арттыруға жiберудi жүзеге асырады.

6 6. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн дайындау, қайта дайындау, бiлiктiлiгiн арттыру бiлiм беру ұйымдарында немесе Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес бiлiм беру құқығы бар кәсiпорындарда жүзеге асырылады. (басқару мектептерiнiң мамандарын тарту арқылы).

7 7. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн дайындау, қайта дайындау, бiлiктiлiгiн арттыруды өткiзетiн ұйымдарды iрiктеудi Қазақстан Республикасының заңнамаларымен бекiтiлген тәртiпте бағдарлама әкiмгерi атқарады.

8 8. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн дайындау, қайта дайындау, бiлiктiлiгiн арттыруды өткiзетiн ұйымдарды iрiктеуде өкiлеттi органдар мына жайларды ескередi:

1 1) бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң мемлекеттiк бiлiм беру стандарттары талаптарына сәйкестiгi;

2 2) өндiрiстiк практиканы ұйымдастыруға қатысу;

3 3) бiлiм беру қызметiне лицензиясының болуы.

9 9. Дайындау, қайта дайындау, бiлiктiлiгiн арттыру шарт негiзiнде жүзеге асырылады.

10 10. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн дайындау, қайта дайындау, бiлiктiлiгiн арттыру ұзақтығы, шарт жасаушы жақтардың құқығы мен мiндеттерi шарт және техникалық тапсырмаға сәйкес арнайы әзiрленген оқу бағдарламасына байланысты бекiтiледi.

11 11. Жұмыс берушi жұмыс орындарын (бос орынды) толықтыру және жұмысшылардың кәсiби бiлiктiлiгiн арттыру мақсатында жұмысшыларды кәсiби дайындау жүйесi бойынша және өндiрiс iшiнде оқыту жөнiндегi шараларды iске асырады.

3 3. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн дайындау, қайта дайындау, бiлiктiлiгiн арттыруды қаржыландыру

12 12. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн дайындау, қайта дайындау, бiлiктiлiгiн арттыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау және дамытудың аудандық бағдарламасында қарастырылған аудандық бюджет қаражаты есебiнен iске асырылады.

13

13. Бiлiм беру ұйымдарына бағдарлама әкiмгерi жiберген шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн дайындау, қайта дайындау, бiлiктiлiгiн арттыру шығыны жергiлiктi деңгейде шағын кәсiпкерлiктi қолдауды ұйымдастыру жөнiндегi жергiлiктi бағдарлама шеңберiнде шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн дайындау, қайта дайындау, бiлiктiлiгiн арттыру бойынша қызмет көрсету шартына сәйкес бекiтiлген тәртiпте қаржыландырылады.

4 4. Бақылау және есеп беру

14 14. Шағын кәсiпкерлiктi дамыту мәселесi жөнiндегi бағдарлама әкiмгерi ұйымдардың оқу мерзiмiн сақтауына бақылауды жүзеге асырады.

Қолданыстағы