Құжат мәтініне өту

О создании Совета по делам инвалидов

Қаулы · № 859 · қабылданған 26.05.2004
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-20209/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О создании Совета по делам инвалидов Күшін жойған Қаулы ·№ 859 ·26.05.2004
23.04.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.04.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О создании Совета по делам инвалидов

Күшін жойған Қаулы ·№ 859 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О создании Совета по делам инвалидов
Атауы (қаз.)
Мүгедектердің істері жөнінде Кеңес құру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
859
Қабылданған күні
26.05.2004
Көрсетілген редакция
23.04.2009 20209_195049.kaz
Соңғы өзгеріс
23.04.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V04VA001835
ЭКБ идентификаторы
20209
Редакция идентификаторы
20209_195049
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 20:04

0 Мүгедектердің істері жөнінде Кеңес құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 желтоқсандағы N 1758 "2002-2005 жылдарға арналған мүгедектерді оңалту бағдарламасы туралы" қаулысының, Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының 2003 жылғы 25 қарашадағы N 242 "Мүгедектердің істері жөніндегі Кеңес құру туралы" қаулысының (мемлекеттік тіркеу N 1535) негізінде, осы жұмысты үйлестіру үшін Өскемен қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мүгедектердің істері жөнінде Кеңес құрылсын:

2 2. Мүгедектер істері жөніндегі Кеңестің Ережесі бекітілсін.

3 3. Қала әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің (Нұрғазиев А.Қ.) қала әкіміне Өскемен қалалық мәслихатының кезекті сессиясында бекіту үшін мүгедектердің істері жөніндегі қалалық Кеңестің дербес құрамын келісімге ұсынсын.

4 4. Осы қаулының орындалуына бақылау қала әкімінің орынбасары Е.А. Байбатчинге жүктелінсін.

5 Мүгедектердің істері жөнінде Кеңес туралы

Өскемен қаласы әкімдігінің
2004 жылғы 11 маусымдағы
N 859 қаулысымен бекітілген
Мүгедектердің істері жөнінде Кеңес туралы
ЕРЕЖЕ

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Мүгедектердің істері жөніндегі Кеңес (бұдан әрі-Кеңес) консультативтік кеңесші орган болып табылады.

Кеңес құрудың мақсаты мемлекеттік органдардың, барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың іс-әрекеттерін үйлестіру, облыстағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі қоғамдық және қайырымдылық мекемелері мен бірлесіп әрекет жасау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.
Кеңес өз іс-әрекетінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді қорғау туралы", "Мүмкіншілігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңдарын, басқа да құқықтық-нормативтік актілерді және осы Ережені басшылыққа алады.

2 2. Кеңестің негізгі міндеттері

2 2. Кеңес өз іс-әрекетінің барысында келесі міндеттер мен қызметтерді атқарады:

1 1) мүгедектік және мүгедектердің мәселелерімен айналысатын қоғамдық ұйымдармен өзара әрекет жасау;

2 2) мүгедектіктің алдын алу, оңалту, әлеуметтік қорғау, білім беру және кәсіптік дайындау, мүгедектерді еңбекпен қамту мәселелерімен айналысатын Өскемен қаласы әкіміне ведомстволық бағынышты ұйымдардың қызметтерін үйлестіру;

3 3) мүгедектердің мәселелері жөніндегі ұсыныстарды дайындау және оларды тиісті органға енгізу.

3 3. Кеңестің іс-әрекеттерін ұйымдастыру

3 3. Кеңесті төраға басқарады.

Кеңестің мәжілісін қажет болған жағдайда, бірақ тоқсанына бір реттен жиі емес төраға немесе оның тапсырмасымен орынбасары өткізеді.

4 4. Кеңестің хатшысы жұмысты ұйымдастыруды, тиісті материалдарды дайындауды, Кеңестің ұсыныстарын әзірлеуді жүзеге асырады. Кеңес өз қызметін қоғамдық бастамалар ретінде жүзеге асырады.

5 5. Кеңестің шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оған Кеңес мүшелерінің көпшілігі дауыс берсе қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп саналады.

6 6. Кеңес мәжілістерін өткізу нәтижелері бойынша төраға мен хатшының қолдары қойылып хаттама әзірленеді.

Қолданыстағы