Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил предоставления национальным компаниям права на учреждение охранных организаций

Бұйрық · № 863 · қабылданған 29.10.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-202095/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении Правил предоставления национальным компаниям права на учреждение охранных организаций Қолданыста Бұйрық ·№ 863 ·29.10.2024
29.10.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.10.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил предоставления национальным компаниям права на учреждение охранных организаций

Қолданыста Бұйрық ·№ 863 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил предоставления национальным компаниям права на учреждение охранных организаций
Атауы (қаз.)
Ұлттық компанияларға жеке күзет ұйымдарын құруға құқық беру қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
863
Қабылданған күні
29.10.2024
Көрсетілген редакция
29.10.2024 202095_725811.kaz
Соңғы өзгеріс
29.10.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400035303
ЭКБ идентификаторы
202095
Редакция идентификаторы
202095_725811
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 09:01

0 Ұлттық компанияларға жеке күзет ұйымдарын

құруға құқық беру қағидаларын бекіту туралы
«Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-1-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Ұлттық компанияларға жеке күзет ұйымдарын құруға құқық беру қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Күзет қызметін бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Ұлттық компанияларға жеке күзет ұйымдарын құруға құқық беру қағидалары

ішкі істер министрдің
міндетін атқарушысы
2024 жылғы 29 қазандағы
№ 863 бұйрығымен
бекітілген
Ұлттық компанияларға жеке күзет ұйымдарын құруға
құқық беру қағидалары

1 1. Осы Ұлттық компанияларға жеке күзет ұйымдарын құруға құқық беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 17-1-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді.

2 2. Күзет ұйымын «Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 376 қаулысымен бекітілген ұлттық компаниялар тізбесіне енгізілген жағдайда Ұлттық компания құрады.

3 3. Ұлттық компаниялардың күзет ұйымын құру келесі шарттар сақталған кезде жүзеге асырылады:

1 1) күзет ұйымы күзет қызметінен өзге де қызметті жүзеге асыратын ұлттық компанияның еншілес ұйымы бола алады;

2 2) күзет ұйымының құрылтайшылары (қатысушылары) ұлттық компанияның құрылтайшылары не лауазымды адамдары болып табылады, оларға қатысты құрылатын ұйым күзет қызметтерін көрсететін болады;

3 3) құрылатын ұйым өзіне қатысты күзет қызметтерін көрсететін ұлттық компания және онымен үлестес заңды тұлғалар күзет ұйымының құрылтайшысы (қатысушысы) болып табылады.

4 4. Ұлттық компаниялардың күзет ұйымдарын құруы Қазақстан Республикасының аумағында күзет қызметін бақылауды жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті органмен (бұдан әрі – уәкілетті орган) алдын ала келісіледі.

5 5. Күзет ұйымының мекемесін келісу үшін ұлттық компания уәкілетті органға «электрондық үкіметтің» www.egov.kz немесе www.elicense.kz веб-порталы арқылы (бұдан әрі – Портал) мынадай құжаттар жолдайды:

1

1) «Күзет қызметі саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 28 наурыздағы № 261 бұйрығымен бекітілген «Ұлттық компанияның күзет ұйымын құруға уәкілетті органды келісу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш (бұдан әрі – ІІМ-нің № 261 бұйрығы) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20224 болып тіркелген);

2 2) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес ұлттық компания құратын қызметтің жарғылық түрлерін кеңейтуге және (немесе) өзгертуге күзет ұйымын құруға монополияға қарсы органның алдын ала келісімін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

3 3) өтініш берушінің осы Қағидалардың 3-тармағында белгіленген шарттарға сәйкестігін растайтын құрылтай құжаттарының көшірмелері;

4 4) құрылатын күзет ұйымын күзетке беруге жоспарланатын объектілердің (атауы, орналасқан жері), оның ішінде еншілес ұйымдардың объектілерінің тізбесі.

6

6. Уәкілетті орган құжаттарды ұсынған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде оларды ІІМ-нің № 261 бұйрығына сәйкес қарайды, содан кейін ұлттық компанияға күзет ұйымын құруға келісуді немесе көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында дәлелді бас тартуды жібереді.
Ұлттық компания күзет ұйымын құрудан бас тартуға негіз болып табылады:

1 1) өтініш берушінің осы Қағидалардың 2-тармағына сәйкес келмеуі;

2 2) осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттардағы шынайы емес мәліметтерді анықтау;

Күзет ұйымын құрудан бас тартылған жағдайда ұлттық компания анықталған ескертулер жойылғаннан кейін осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттарды уәкілетті органға қайта ұсынады.

7

7. Күзет ұйымын құруға келісу хатын алғаннан кейін ұлттық компания ІІМ 261 бұйрығымен бекітілген «Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес күзет қызметін жүзеге асыру құқығына мемлекеттік лицензия алу үшін тіркелген жері бойынша аумақтық полиция органына жүгінеді.

8 8. Уәкілетті органның шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

Қолданыстағы