Об установлении охранной зоны, границы, режима и порядка природопользования государственного национального природного парка «Алтын-Эмель» на территории области Жетісу
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении охранной зоны, границы, режима и порядка природопользования государственного национального природного парка «Алтын-Эмель» на территории области Жетісу
- Атауы (қаз.)
- Жетісу облысының аумағындағы «Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қорғау аймағын, шекарасын, табиғат пайдалану режимі мен тәртібін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 348
- Қабылданған күні
- 28.10.2024
- Көрсетілген редакция
- 28.10.2024 I202110_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.10.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24I0024819
- ЭКБ идентификаторы
- 202110
- Редакция идентификаторы
- I202110_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 09:01
0 Жетісу облысының аумағындағы
«Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің
қорғау аймағын, шекарасын, табиғат пайдалану режимі
мен тәртібін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 123–бабы 2-тармағына, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына, 18-бабы 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Талдықорған облысында «Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғат паркін ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 10 сәуірдегі № 416 қаулысына сәйкес, «Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғат паркін ерекше күзетудi және қорғауды қамтамасыз ету үшiн Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Жетісу облысының аумағында:
1 1) «Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің (бұдан әрі - ұлттық парк), меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоюсыз ені кемінде екі километр, жалпы ауданы 95400,0 гектар қорғау аймағы;
2 2) ұлттық парк аумағының айналасындағы қорғау аймағының шекарасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес;
3 3) ұлттық парктің қорғау аймағы аумағында табиғат пайдалану режимі мен тәртібі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 Жетісу облысы әкімдігінің
2024 жылғы 28 қазандағы
№ 348 Қаулысына 1 қосымша
«Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық
табиғи паркі аумағының айналасындағы
қорғау аймағының шекарасы
8 Жетісу облысы әкімдігінің
2024 жылғы 28 қазандағы
№ 348 Қаулысына 2 қосымша
«Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық
табиғи паркінің қорғау аймағындағы табиғатты пайдалану режимі мен тәртібі
1 1. «Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қорғау аймағында жер пайдаланушылардың табиғи ресурстарды тұрақты пайдалануды қамтамасыз ететін дәстүрлі шаруашылық қызметінің негізгі түрлеріне рұқсат етіледі.
2 2. Ұлттық паркінің қорғау аймағында мыналарға тыйым салынады:
1 1) мемлекеттік ұлттық табиғи парктің экологиялық жүйелеріне зиянды әсер ететін объектілер орналастыруға, жобалауға, салуға және пайдалануға, жаңа технологияларды енгізуге;
2 2) ластаушы заттар мен сарқынды суларды атмосфераға шығару және ашық су көздері мен рельефке төгуге;
3 3) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 84-2-бабы 2-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге;
4 4) аң аулауға;
5 5) радиоактивті материалдар мен өнеркәсіптік қалдықтарды көмуге;
6 6) мемлекеттік ұлттық табиғи парктің экологиялық жүйелерінің гидрологиялық режимін өзгертуі мүмкін қызметке (бөгеттер, дамбалар, гидротехникалық құрылыстар және табиғи су ағынын тоқтатуға немесе азайтуға душар ететін басқа да объектілер салуға);
7 7) жабайы жануарлар мен жабайы өсетін өсімдіктердің бөтен түрлерін интродукциялауға;
8 8) мемлекеттік ұлттық табиғи парктің экологиялық жүйелеріне зиянды әсер етуі мүмкін басқа да қызметке тыйым салынады.
3 3. Ұлттық парктің қорғау аймағында оның экологиялық жүйесіне келеңсіз әсер етпейтін шаруашылық әрекеттің әр алуан түрлері жүзеге асуы мүмкін:
1 1) орман шаруашылығы қызметі;
2 2) мал жаю мен шөп шабуды қоса алғанда, дәстүрлі жер пайдалану, сондай-ақ биологиялық әртүрлілікті ұзақ мерзімді сақтау мен оның беріктігін қамтамасыз ету шеңберіндегі өзге де қызмет;
3 3) туристік және рекреациялық қызмет;
4 4) минералды суларды, бальнеологиялық және климаттық ресурстарды пайдалану;
5 5) кәсіпшілік және әуесқойлық (спорттық) балық аулау;
6 6) орман және дала өрттерін сөндіру бойынша жердегі және авиациялық жұмыстарды жүргізу;
7 7) бүлінген жерді қалпына келтіру;
8 8) орман және өзге де өсімдіктер қауымдастықтарын қалпына келтіру;
9 9) жабайы жануарлардың мекендеу ортасы мен санын қалпына келтіру;
10
10) жер учаскелерін туристер болатын жерлерді жайластыру, өсімдіктер мен жануарлардың эндемиялық, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін қолдан көбейтуге, өсіруге, өндіруге арналған питомниктер орналастыру, сондай-ақ мемлекеттік ұлттық табиғи парк жұмыскерлерінің тұруына арналған қызметтік үй-жайлар (кордондар) салу, оларға қызметтік жер телімдерін беру үшін пайдалану.
4
4. Ұлттық паркінің қорғау аймағында осы қосымшаның 3-тармағында аталған қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде жануарлардың өріс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын сақтау жөніндегі іс-шаралар көзделуге және жүзеге асырылуға, жабайы жануарлардың мекендеу ортасы ретінде ерекше құнды болып есептелетін учаскелердің, сондай-ақ мемлекеттік табиғи-қорық қорының өзге де объектілердің дербестігі қамтамасыз етілуге тиіс.