Аудан әкімдігінің резервін пайдалану ережесі туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Аудан әкімдігінің резервін пайдалану ережесі туралы
- Атауы (қаз.)
- Аудан әкімдігінің резервін пайдалану ережесі туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 70
- Қабылданған күні
- 12.05.2004
- Көрсетілген редакция
- 27.07.2011 · қолданыстағы AI20224_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.07.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V04SM001279
- ЭКБ идентификаторы
- 20224
- Редакция идентификаторы
- AI20224_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 20:07
0 Аудан әкімдігінің резервін пайдалану ережесі туралы
Қазақстан Республикасы 1999 жылғы 1 сәуірдегі N 357-1 "Бюджеттік жүйе туралы" Заңының 13-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 Аудан әкімдігінің резервін пайдалану ережесі бекітілсін.
2 Аудан әкімдігінің
2004 жылғы 13 мамырдағы N 70
"Аудан әкімдігінің резервін пайдалану
ережесі туралы" қаулысымен
БЕКІТІЛДІ
Аудан әкімдігінің резервін пайдалану
ЕРЕЖЕСІ
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Уәлиханов аудандық мәслихаттың шешіміне сәйкес қаржы жылына бөлінген сомалар шеңберінде, Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің резерві қаражатын бөлу және оны пайдалану ережесін Осы ереже белгілейді.
2
2. Аудан әкімдігінің резерві Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі N 357-1 "Бюджеттік жүйе туралы" Заңының 13-бабына және "Бюджеттік жүйе туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2001 жылғы 7 желтоқсандағы N 261, 1996 жылғы 5 шілдедегі N 19 "Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" және 2000 жылғы 19 мамырдағы қаржы жылындағы аудандық бюджетінің құрамына көлденен шығындарды қаржыландыру үшін енгізілген өзгерістерге сәйкес құрылады. Аудан әкімдігінің резервінде мыналар көзделген табиғи, техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жою және басқада көлденең шығындар, аудан әкімдігінің қаулысымен белгіленген шығындар;
сот шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеу үшін қаражаттар.
Сот шешімдері бойынша аудан әкімдігі резерві құрамындағы жергілікті органдарының міндеттемелерін өтеу үшін көзделген қаражаттары толық ұсталып, өтелмеген міндеттемелер болған жағдайда, аудан әкімдігі, аудандық мәслихатқа жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы аудан әкімдігінің резервін көбейту туралы ұсыныс жасайды.
3
3. Аудан әкімдігінің резервінен қаржы бөлу, аудан әкімдігінің қаулысында белгіленген тәртіппен іске асырылады және қаражат алушы, қаражаттың мөлшері, оның Қазақстан Республикасының әділет министрлігінде 2002 жылғы 16 қазанында N 2012 тіркелген экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2002 жылғы 23 қыркүйектегі N 3 бұйрығымен бекітілген бірыңғай бюджеттік жіктеуіне сәйкес пайдалану мақсаты мен бағыты белгіленеді.
4
4. Аудан әкімдігі резервінің қаражаты белгілі мақсатқа арналады, ол қаражат аудан әкімдігінің қаражат бөлу туралы қаулысында қарастырылмаған қажеттіліктерге жұмсалуы тиісті емес. Аудан әкімдігінің резервінен қаражат бөлу туралы қаулы қаржы жылы аяқталған күннен бастап жойылады. Пайдаланбаған қаржы қалдықтары, сондай-ақ аудан әкімдігі резервінен мақсатты емес пайдаланған қаражат аудандық бюджетке қайтарылуға жатады.
5 5. Уәлиханов ауданы әкімдігінің резерві мөлшері аудандық бюджетіне түсетін сомалар көлемінің 2 пайызынан аспауы тиіс.
6 6. Егерде бюджеттің орындалуы барысында бюджеттің тапшылығы белгіленген деңгейден асып түскенде немесе бюджетке түскен кірістің айтарлықтай төмендеген жағдайларында белгіленген тәртіппен аудан әкімдігі резервінің шығындары бойынша секвестірлеу енгізіледі.
2
2 2. Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға қаражат бөлу тәртібі
7
7. Аудан әкімдігінің резервінен төтенше жағдайларды жою үшін бюджеттік бағдарламалар әкімгерлеріне қаражат бөлу мәселесін аудандық қаржы басқармасымен келісу бойынша төтенше жағдайлар жөніндегі аудандық комиссия қарастырады, белгіленген тәртіппен қаражат бөлу туралы аудан әкімдігі қаулысының жобасына рұқсатнама қояды. Сонымен негіздлетінтін материалдарды және олардың тізімін беру тәртібін аудандық қаржы басқармасы мен аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия белгілейді.
8 8. Төтенше жағдайларды жою үшін аудан әкімдігі резервінен қаражаты, сондай-ақ мыналарға бөлінеді:
төтенше жағдайдан зардап шеккен азаматтарға материалдық көмек көрсету үшін;
зардап шеккен халықты тамақтандыру және уақытша тұрғылықты орнын ашу мен оны қүту үшін;
авариалық-құтқарушы мен авариялық-қалпына келтіру щұғыл араласу құрылымдарын техникалық құтқару құралдарымен, жабдықтармен және саймандармен қосымша жабдықтау үшін;
меншігінің нысанына қарамастан авариялық-қалпына келтіру жұмыстарына жұмырылдырылған кәсіпорындар мен ұйымдар жасаған жұмыстарға төлеу үшін;
төтенше жағдай аймағына күштер мен құралдар тасымалдауды қамтамасыз ету жөніндегі шығындарды өтеу үшін;
төтенше жағдайларды жоюмен байланысты басқа да іс-шаралар үшін.
3 3. Жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын жергілікті атқару органдарының сот шешімдері бойынша міндеттемелерін өтеу үшін қаражат бөлу
9
9. Сот шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдарының сот шешімдері бойынша міндеттемелерін өтеу үшін аудан әкімдігінің резервінен қаражат бөлу туралы аудан әкімдігі қаулысының жобасы, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімімен немесе қазіргі заңдармен белгіленген тәртіппен қаржыландырылатын атқарушы орган дайындайды.