Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута

Қаулы · № 326 · қабылданған 29.10.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-202254/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута Қолданыста Қаулы ·№ 326 ·29.10.2024
29.10.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.10.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении публичного сервитута

Қолданыста Қаулы ·№ 326 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута
Атауы (қаз.)
Қауымдық сервитутты белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
326
Қабылданған күні
29.10.2024
Көрсетілген редакция
29.10.2024 202254_727998.kaz
Соңғы өзгеріс
29.10.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G24KM00326A
ЭКБ идентификаторы
202254
Редакция идентификаторы
202254_727998
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 09:00

0 Қауымдық сервитутты

белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне, 2023 жылғы 29 желтоқсандағы №2337-EL қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензиясына сәйкес, «ULMUS BESSHOKY» АҚ-ның өтініші негізінде, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, «ULMUS BESSHOKY» акционерлік қоғамына, Қарқаралы ауданы, Қасым Аманжолов ауылдық округі жерінде қатты пайдалы қазбаларды барлау операцияларын жүргізу мақсатында, жалпы көлемі – 731,1053 га меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймай, 2029 жылдың 29 желтоқсанына дейін қауымдық сервитут белгіленсін.

2

2. Жер пайдаланушы - «ULMUS BESSHOKY» акционерлік қоғамына, (келісім бойынша) жер пайдаланушыларға және жер учаскесінің иелеріне толық көлемде шығындарын өтеуді қамтамасыз етсін, шығын көлемі және олардың өтемақысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімдері бойынша белгіленсін.

3 3. «Қарқаралы ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды қабылдасын.

4 4. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 «ULMUS BESSHOKY» акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

Қарқаралы ауданының әкімдігінің
2024 жылғы «29» қазандағы
№ 326 қаулысына
қосымша
«ULMUS BESSHOKY» акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

Орналасқан жері
Кадастырлық номері
Жалпы көлемі, га
жария сервитут белгіленуге жататын учаскелердің бөліктерінің ауданы (лицензия шекарасында) га;
1
Қарқаралы ауданы Қасым Аманжолов ауылдық округі босалқы жер қоры
09-133-
731,1053 га
Барлығы:
731,1053 га

Қолданыстағы