О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата района Шал акына Северо-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата района Шал акына Северо-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 270
- Қабылданған күні
- 06.11.2024
- Көрсетілген редакция
- 06.11.2024 202412_731832.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.11.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24SN782215
- ЭКБ идентификаторы
- 202412
- Редакция идентификаторы
- 202412_731832
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 08:54
0 Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабы 8-тармағына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2 2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
2024 жылғы 6 қарашадағы
№ 270 қаулыға
қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 17 шілдедегі № 134 «Қазақстан Республикасының облыстық және аудандық мәслихаттың, Парламент Мәжілісінің депутатына ұсынылған кандидаттарға сайлау алды үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын анықтау туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-14-48 болып тіркелген).
2
2. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 1 тамыздағы № 181 «Шал ақын ауданының Городецк, Ступин және Юбилейный селолық округтерінің зақымдаған алқаптарына карантиндік тәртіп енгізіп карантиндік аумақ орнату туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-14-35 болып тіркелген).
3
3. Солтүстiк Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 12 қыркүйектегі № 298 «Шал ақын ауданында мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ашу және қаржыландыру ережесін бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-14-16 болып тіркелген).