О Правилах присвоения звания "Почетный гражданин Актогайского района"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О Правилах присвоения звания "Почетный гражданин Актогайского района"
- Атауы (қаз.)
- Ақтоғай ауданының "Құрметті Азаматы" атағын беру жөніндегі Қағида туралы.
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 6/5
- Қабылданған күні
- 19.05.2004
- Көрсетілген редакция
- 04.03.2008 AI20249_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.03.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V04PD002615
- ЭКБ идентификаторы
- 20249
- Редакция идентификаторы
- AI20249_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 20:06
0 Ақтоғай ауданының "Құрметті Азаматы" атағын беру жөніндегі Қағида туралы.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 6 бабының, 1 тармағының 12-1) тармақшасына сәйкес, аудандық Мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:
Қоса берiлiп отырған "Ақтоғай ауданының құрметтi азаматы" атағын беру туралы Қағида бекiтiлсiн.
Сессия төрайымы Ү. Келдiбаева
Аудандық Мәслихат хатшысы Т. Мұқанов
3-шақырылған
Ақтоғай аудандық Мәслихаттың
2004 жылғы 20 мамырдағы 5-сессиясының
"Ақтоғай ауданының құрметтi азаматы
туралы"№N 6/5 шешiмiне
бекiтiлген
Ақтоғай ауданының құрметтi азаматы атағын беру туралы ҚАҒИДА
1 1. Кiрiспе
1 1. "Ақтоғай ауданының құрметтi азаматы" атағы мыналарға берiледi:
1 1) жоғарғы мемлекеттiк наградалармен марапатталған Ақтоғай ауданының тұрғындары және тума азаматтары - Отан қорғаушыларға;
2
2) өзi еңбек еткен кезеңде ауданның дамуына айрықша елеулi үлес қосып, ауылдастарының қадiрiне бөленген, еңбекке деген кiршiксiз адал және шығармашылық көзқарасы, қоғамдық өмiрдегi, жас ұрпақты тәрбиелеу iсiндегi белсендi әрекетi үшiн, аудан халқының алдында жоғары бедел және құрметке ие болған, жасы 50 - ге жеткен Ақтоғай ауданының тумалары мен тұрғындарына.
Әрине олардың барлығы да басқа қалалар мен елдi мекендер "Құрметтi азаматы" атағын иеленбеген болуы тиiс.
2 2. "Ақтоғай ауданының Құрметтi азаматы" атағы Ақтоғай аудандық Мәслихаттың сессиясының шешiмiмен берiледi.
3 3. "Ақтоғай ауданының Құрметтi азаматы" атағын беру туралы өтiнiш селолық жиын шешiмi негiзiнде селолық округ әкiмдерiнiң, мемлекеттiк мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың, өндiрiстiк кәсiпорындардың коллективтерiнiң жиналысының ұйғарымымен берiлуi мүмкiн.
4 4. "Ақтоғай ауданының Құрметтi азаматына" куәлiк, құрмет Дипломы мен Белгi табыс етiледi.
2 2. "Ақтоғай ауданының Құрметтi азаматы" дипломының сипаттамасы
5
5. "Ақтоғай ауданының Құрметтi азаматы" дипломы қатқыл ақ қағаздан жасалады. Мұқабасында қазақ және орыс тiлдерiнде "Ақтоғай ауданының Құрметтi азаматы" атты жазуы болады. Дипломның iшкi бетiнде түрлi-түстi бояумен Қазақстан Республикасының Ел таңбасы және "Ақтоғай ауданының Құрметтi азаматы" атағын беру туралы аудандық Мәслихат сессиясы шешiмiнiң мәтiнi орын алып, сол жағындағысы қазақша, оң жағындағысы орысша толтырылады.
Диплом Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жалауы түстес арнаулы папкаға салынады.
3 3. "Ақтоғай ауданының құрметтi азаматы" Белгiсi туралы
6 6. "Ақтоғай ауданының Құрметтi азаматы" Белгiсi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жалауының түсiне келтiрiлiп, көлемi шеңбер болып, металдан дайындалады.
Белгiде "Ақтоғай ауданының Құрметтi азаматы" деген қазақ тiлiнде жазу бар.