Құжат мәтініне өту

Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по району Сауран

Өзге акт · № 192 · қабылданған 13.11.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-202596/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по району Сауран Қолданыста Өзге акт ·№ 192 ·13.11.2024
13.11.2024 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.11.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по району Сауран

Қолданыста Өзге акт ·№ 192 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по району Сауран
Атауы (қаз.)
Сауран ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
192
Қабылданған күні
13.11.2024
Көрсетілген редакция
13.11.2024 202596_728447.kaz
Соңғы өзгеріс
13.11.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V24UR661613
ЭКБ идентификаторы
202596
Редакция идентификаторы
202596_728447
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 08:42

0 Сауран ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-9-тармағына, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 14-1-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің «Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» 2019 жылғы 20 маусымдағы №417 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №18883 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Сауран аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Сауран ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2 2. Сауран ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес айқындалсын.

3

3. Сауран аудандық мәслихатының «Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы» 2022 жылғы 26 желтоқсандағы №167 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №31537 болып тіркелген) және «Сауран аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы №167 «Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2023 жылғы 22 желтоқсандағы №103 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6430-13 болып тіркелген) күштері жойылды деп танылсын.

4 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Сауран ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері

Сауран аудандық мәслихатының
2024 жылғы 13 қарашадағы
№192 шешіміне №1 қосымша
Сауран ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске қосылған «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасы шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарыздарын пайдалана отырып, азаматтардың тұрғын үйді меншігіне алу құқығын іске асыру үшін Сауран ауданында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері:

1 1) Тұрғын үй қарызы сомасынан 10 пайыз, алайда әлеуметтік көмек түрі ретінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес;

2 2) Тұрғын үй қарызы сомасынан 10 пайыз, алайда әлеуметтік қолдау түрі ретінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес мөлшерде айқындалсын.

Тұрғын үй сертификатының сомасы әрбір алушы үшін 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын бірыңғай мөлшерде айқындалады.

8 Сауран ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі

Сауран аудандық мәслихатының
2024 жылғы 13 қарашадағы
№192 шешіміне №2 қосымша
Сауран ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі

1 1) Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 68-бабында айқындалған халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары;

2

2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 мамырдағы №161 «Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген, Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32546 болып тіркелген) сәйкес құрылатын еңбек ресурстарының болжамы есебімен, еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша статистикалық байқауларды талдау негізінде денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, әлеуметтік қамсыздандыру салаларындағы бюджеттік ұйымдарының мамандары және басқа да салалардағы мамандар.

Қолданыстағы