Об определении и утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов на территории Железинского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении и утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов на территории Железинского района
- Атауы (қаз.)
- Железин ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын белгілеу және бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 284/11
- Қабылданған күні
- 11.11.2024
- Көрсетілген редакция
- 11.11.2024 202645_728863.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.11.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24PF761214
- ЭКБ идентификаторы
- 202645
- Редакция идентификаторы
- 202645_728863
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 08:47
0 Железин ауданының аумағында стационарлық емес
сауда объектілерін орналастыру орындарын
белгілеу және бекіту туралы
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» № 264 сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген), Железин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Железин ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары белгіленсін және бекітілсін.
2 2. Железин ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 3 ақпандағы «Железин ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы» № 16/1 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7203 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3 3. «Железин ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6 Железин ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
Железин ауданы
әкімдігінің 2024 жылғы
11 қарашадағы № 284/11
қаулысына қосымша
Железин ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
Р/с
№
Стационарлық емес сауда объектілерінің нақты орналасу орны
Алатын
алаңы,
шаршы
метр
Сауда
қызметін жүзеге
асыру кезеңі, жыл
Жақын орналасқан
инфрақұрылым
(ұқсас
тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)
Қызмет саласы
1
Железин ауылдық округі,
Железинка ауылы, Лермонтов көшесі,
нарыққа қарама қарсы,
3 (үш) метр қашықтықта
100
5
«Модуль» дүкеніне қарама қарсы, 25 (жиырма бес) метр қашықтықта
бөлшек сауда (азық-түлік /азық-түлік емес тауарларды сату)
2
Прииртышск ауылдық округі, Прииртышск ауылы, Ленин көшесі,
№ 22 үйдің сол жағында, 5 (бес) метр қашықтықта
30
5
«Каскад» дүкеніне қарама қарсы, 20 (жиырма) метр қашықтықта
бөлшек сауда (азық-түлік /азық-түлік емес тауарларды сату)
3
Новомир ауылдық округі,
Церковное ауылы,
Мир көшесі, «Береке» дүкенінің оң жағында,
20 (жиырма) метр қашықтықта
30
5
«Береке» дүкені
бөлшек сауда (азық-түлік /азық-түлік емес тауарларды сату)
4
Майлы ауылдық округі, Майлы ауылы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, «ЖК Шаяхметов» дүкеннің сол жағында, 10 (он) метр қашықтықта
30
5
«ЖК Шаяхметов» дүкені
бөлшек сауда (азық-түлік /азық-түлік емес тауарларды сату)
5
Қазақстан ауылдық округі, Жаңа жұлдыз ауылы, Центральная көшесі, «Ағайын» дүкеннің
сол жағында,
20 (жиырма) метр қашықтықта
30
5
«Мечта» дүкені оңжағында,
40 (қырық) метр қашықтықта
бөлшек сауда (азық-түлік /азық-түлік емес тауарларды сату)
6
Еңбекші ауылдық округі, Еңбекші ауылы, Шевченко көшесі, № 6 үйдің
сол жағында,
20 (жиырма) метр қашықтықта
20
5
жоқ
бөлшек сауда (азық-түлік /азық-түлік емес тауарларды сату)
7
Алакөл ауылдық округі, Алакөл ауылы, Целинная көшесі, № 9 ғимараттың оң жағында, 7 (жеті) метр қашықтықта
30
5
«Радуга» дүкені сол жағында,
150 (жүз елу) метр қашықтықта
бөлшек сауда (азық-түлік /азық-түлік емес тауарларды сату)
8
Михайлов ауылдық округі, Михайловка ауылы, Астана көшесі, № 25 үйдің сол жағында, 10 (он) метр қашықтықта
50
5
«Светлана» дүкені оң жағында,
12 (он екі) метр қашықтықта
бөлшек сауда (азық-түлік /азық-түлік емес тауарларды сату)
9
Ақтау ауылдық округі, Ақтау ауылы,
Жеңіс көшесі, «Асем» дүкенге қарама қарсы
30 (отыз) метр қашықтықта
30
5
«Асем» дүкені
бөлшек сауда (азық-түлік /азық-түлік емес тауарларды сату)
10
Веселорощин ауылдық округі, Веселая Роща ауылы, Абай көшесі, алаңның ішінде, ойын алаңының сол жағында,
20 (жиырма) метр қашықтықта
50
5
жоқ
бөлшек сауда (азық-түлік /азық-түлік емес тауарларды сату)