Құжат мәтініне өту

Об утверждении формы лицензии на производство табачных изделий

Бұйрық · № 260 · қабылданған 31.05.2004
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-20285/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении формы лицензии на производство табачных изделий Күшін жойған Бұйрық ·№ 260 ·31.05.2004
20.07.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.07.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении формы лицензии на производство табачных изделий

Күшін жойған Бұйрық ·№ 260 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении формы лицензии на производство табачных изделий
Атауы (қаз.)
Темекі өнімдерін өндіруге лицензия нысанын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
260
Қабылданған күні
31.05.2004
Көрсетілген редакция
20.07.2009 AI20285_2.kaz
Соңғы өзгеріс
20.07.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V040002908_
ЭКБ идентификаторы
20285
Редакция идентификаторы
AI20285_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 20:03

0 Темекі өнімдерін өндіруге лицензия нысанын бекіту туралы

"Темекi өнiмдерiнiң өндiрiсі мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының заңына және "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына сәйкес бұйырамын:

1 1. Мыналар:

осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес темекі өнімдерін өндіруге лицензия нысаны;
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес темекі өнімдерін өндіруге лицензия бланкісінің сипаттамасы бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі салық комитетінің Акциздерді әкімшіліктендіру басқармасы (Р.Ю. Ким) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

3 3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

1 Қазақстан Республикасының Елтаңбасы Мемлекеттік лицензия

"Темекi өнiмдерiн өндiруге
лицензия нысанын бекіту туралы"
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Салық комитеті Төрағасының
2004 жылғы 1 маусымдағы N 260
бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасының Елтаңбасы Мемлекеттік лицензия
___________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның аты-жөні)
___________________________________________________________
темекі өнімдерін өндіруге
________________________________________________берілді.
("Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына сәйкес қызмет (әрекет) түрінің атауы)
Лицензия қолданысының ерекше шарттары: Бас ________________
("Лицензиялау
___________________________________________________________
туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 4-бабына сәйкес)
Филиалдар, өкілдіктер _____________________________________
(орналасқан орны, деректемелер)
___________________________________________________________
___________________________________________________________
___________________________________________________________
Лицензияны берген орган: __________________________________
(лицензиялау органының толық атауы)
___________________________________________________________
Басшы (уәкілетті тұлға) ___________________________________
(лицензияны берген орган басшысының
___________________________________________________________
(уәкілетті тұлғаның) фамилиясы мен инициалдары)
Лицензияны беру күні 200 __ ж. "__" ________
Лицензияның N ___________
Астана қаласы

2 Темекі өнімдерін өндіруге лицензия бланкісінің сипаттамасы

"Темекi өнiмдерiн өндiруге
лицензия нысанын бекіту туралы"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Салық комитеті Төрағасының
2004 жылғы 1 маусымдағы N 260
бұйрығына 2-қосымша
Темекі өнімдерін өндіруге лицензия бланкісінің сипаттамасы
Темекі өнімдерін өндіруге лицензия (бұдан әрі - Лицензия) - 200х210 мм көлеміндегі қатаң есептілік бланкісі және баспаханалық қорғаныш (тангирлік тор, микрошрифт, қорғаныш рамкасы) дәрежелері болуы тиіс.
Тангирлік концентрациялы сәуле торы түрлі-түсті және қара-ақ ксерокөшірмелеуден, механикалық тазалаулардан, химиялық түзетулерден қорғауды қамтамасыз етеді.
Жоғарыда ортасында - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген.
Бланктің төменгі сол жақ бұрышында ультракүлгін қосылған арнайы бояумен орындалатын жеті мәнді нөмір орналасқан.
Лицензия бланкі күрең қызыл түсті ою-өрнекті қорғаныш рамкалы ақ түсті нығыз тегіс қағаздан әзірленеді.
Лицензия бланкі бір жағы мемлекеттік тілдегі мәтінде, келесі жағы орыс тіліндегі мәтінде ресімделеді, Лицензия бланкісінің нөмірі екі жағында да бірдей болуы тиіс.

Қолданыстағы