О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата района Аққулы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата района Аққулы
- Атауы (қаз.)
- Аққулы ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1-03-241
- Қабылданған күні
- 13.11.2024
- Көрсетілген редакция
- 13.11.2024 202881_729550.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.11.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24PI761414
- ЭКБ идентификаторы
- 202881
- Редакция идентификаторы
- 202881_729550
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 08:43
0 Аққулы ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды
деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 31 - бабының 2 - тармағына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46 - бабы 2 - тармағы 4) тармақшасына сәйкес, Аққулы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Аққулы ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2 2. «Аққулы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
осы қаулыны Павлодар облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
осы қаулыны Аққулы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Аққулы ауданы әкімінің орынбасары А.А. Машраповқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
5 Аққулы ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
Аққулы ауданы әкімдігінің
2024 жылғы 13 қарашадағы
№ 1-03-241 қаулысына
қосымша
Аққулы ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір
қаулыларының тізбесі
1 1. Аққулы ауданы әкімдігінің «Аққулы ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 1-03/198 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6972 болып тіркелген).
2
2. Аққулы ауданы әкімдігінің «Аққулы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі «Аққулы ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы» № 1-03/198 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2023 жылғы 5 қаңтардағы № 1-03/1 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7302 болып тіркелген).
3
3. Аққулы ауданы әкімдігінің «Аққулы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі «Аққулы ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» № 1-03/198 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2023 жылғы 4 сәуірдегі № 1-03/71 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7316 болып тіркелген).