Об утверждении типовых правил научной этики
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении типовых правил научной этики
- Атауы (қаз.)
- Ғылыми әдептің үлгілік қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 529
- Қабылданған күні
- 20.11.2024
- Көрсетілген редакция
- 20.11.2024 203054_729791.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.11.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400035392
- ЭКБ идентификаторы
- 203054
- Редакция идентификаторы
- 203054_729791
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 08:35
0 Ғылыми әдептің үлгілік қағидаларын бекіту туралы
«Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 25) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 177-24) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған ғылыми әдептің үлгілік қағидалары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін вице-министрге жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Су ресурстары және ирригация министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи
ресурстар министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
0 Ғылыми әдептің үлгілік қағидалары
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары
білім министрі
2024 жылғы 20 қарашадағы
№ 529 Бұйрықпен
бекітілген
Ғылыми әдептің үлгілік қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы ғылыми әдептің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 25) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 177-24) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2 2. Қағидалар қоғамның ғылым мен технологияға деген сенімін қамтамасыз етеді және оның әлеуметтік прогресс пен тұрақты даму мүдделеріндегі рөлін арттырады.
3 3. Қағидалар ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілеріне қолданылады.
4 4. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1 1) биоэтика – өмір туралы ғылымның жаңа жетістіктерін қолданудың моральдық, әлеуметтік, құқықтық аспектілерін талдау мақсатында биомедициналық және гуманитарлық ғылымдарды біріктіретін пәнаралық ғылыми бағыт;
2 2) ғылыми әдеп – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері ұстанатын әдеп қағидаттарының, қағидалары мен нормаларының жиынтығы;
3 3) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар.
2 2-тарау. Ғылыми әдептің негізгі қағидаттары
5 5. Ғылыми әдептің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
1 1) шынайылық және адалдық;
2 2) жауапты жоспарлау және зерттеу жүргізу;
3 3) әділдік;
4 4) объективтілік;
5 5) кәсіпқойлық;
6 6) құпиялылық;
7 7) әлеуметтік дербестік;
8 8) қоғаммен қарым-қатынас;
9 9) заңнаманы сақтау;
10 10) ғылыми әдеп саласындағы өзін-өзі жетілдіру.
3 3-тарау. Ғылыми әдептің негізгі нормалары
6 6. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері:
1 1) ғылыми зерттеулерді жоспарлау, орындау және бағалау процесінде ғылыми қоғамдастық сенімсіз деп таныған әдістерді қолданбайды;
2 2) зерттеу әдіснамасы жазылады және толық, шынайы және объективті түрде ұсынады;
3 3) зерттеу процесінде қателерді азайтады, оның ішінде оларды қайталау және статистикалық әдістерді қолдану бойынша шаралар қабылдайды;
4 4) ғылыми зерттеулерді жоспарлау, орындау және бағалау процесінде ғылыми қоғамдастық анық емес деп таныған әдістерді қолданбайды;
5 5) қателерді және (немесе) белгісіздіктерді ескере отырып, зерттеу нәтижелерін дәл ұсынады, қате түсіндірілуі мүмкін мәлімдемелерді пайдаланбайды;
6 6) зерттеу барысында, оның ішінде статистикалық әдістерді қайталау және пайдалану арқылы қателерді азайту жөнінде шаралар қабылдайды;
7 7) мәлімдеме гипотеза, ішінара немесе толық дәлелденген ереже екенін көрсетеді;
8 8) зерттеу нәтижелерін жариялау үшін сапалы рецензияланған ғылыми басылымдарды таңдайды, қолжазбаларды тиісті рецензиялаусыз қабылдайтын басылымдарға жүгінбейді;
9 9) рецензиялау процесіне адал қатысады, жұмыстарға сындарлы, объективті және бейтарап баға береді;
10 10) келтірілген гипотезалардың, идеялардың, мәтіндердің, суреттердің және ғылыми нәтижелердің авторы кім екені түсінікті болатындай түпнұсқа дереккөздерді келтіреді;
11 11) бұрын орындалған зерттеулерді және жарияланған нәтижелерді жаңа зерттеулер ретінде ұсынбайды;
12 12) дәйексөздер санын және ғылымиметриялық көрсеткіштерді ұлғайтудың этикалық емес практикасын пайдаланбайды;
13
13) мәтінді, идеяларды, гипотезаларды, қорытындыларды, әдістерді, зерттеу нәтижелерін, графиктерді, кодтарды, суреттер мен авторлардың туындыларын авторға және қарыз алу көзіне сілтеме жасамай пайдалануға және беруге, сондай-ақ басқа тілден аударылған мәтінді пайдалануды, ойдан шығаруды қоса алғанда, мағынасын өзгертпей сөздер мен өрнектерді синонимдік ауыстыра отырып, авторлардың мәтінін пайдалануға жол бермейді және бұрмалау;