Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил государственной регистрации проведения общественной экологической экспертизы, осуществляемой местными исполнительными органами, на территории которых намечается экспертируемая деятельность

Бұйрық · № 149-П · қабылданған 28.05.2004
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-20313/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил государственной регистрации проведения общественной экологической экспертизы, осуществляемой местными исполнительными органами, на территории которых намечается экспертируемая деятельность Күшін жойған Бұйрық ·№ 149-П ·28.05.2004
02.04.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.04.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил государственной регистрации проведения общественной экологической экспертизы, осуществляемой местными исполнительными органами, на территории которых намечается экспертируемая деятельность

Күшін жойған Бұйрық ·№ 149-П · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил государственной регистрации проведения общественной экологической экспертизы, осуществляемой местными исполнительными органами, на территории которых намечается экспертируемая деятельность
Атауы (қаз.)
Аумағында сарапталатын қызмет көзделіп отырған жергілікті атқарушы органдардың жүзеге асыратын қоғамдық экологиялық сараптаманы жүргізудің мемлекеттік тіркеу ережелерін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
149-П
Қабылданған күні
28.05.2004
Көрсетілген редакция
02.04.2010 AI20313_2.kaz
Соңғы өзгеріс
02.04.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V040002911_
ЭКБ идентификаторы
20313
Редакция идентификаторы
AI20313_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 20:04

0 Аумағында сарапталатын қызмет көзделіп отырған жергілікті атқарушы органдардың жүзеге асыратын қоғамдық экологиялық сараптаманы жүргізудің мемлекеттік тіркеу ережелерін бекіту туралы

"Экологиялық сараптама туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабына сәйкес бұйырамын:

1 1. Қоса беріліп отырған Аумағында сарапталатын қызмет көзделіп отырған жергілікті атқарушы органдардың жүзеге асыратын қоғамдық экологиялық сараптаманы жүргізудің мемлекеттік тіркеу ережелері бекітілсін.

2 2. Сараптама және лицензиялау департаменті (И.Ж. Әлиев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамамен белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күшіне енеді.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Ж.Л.Бекжановқа жүктелсін.

0 Аумағында сарапталатын қызмет көзделіп отырған жергілікті атқарушы органдардың жүзеге асыратын қоғамдық экологиялық сараптаманы жүргізудің мемлекеттік тіркеу ережелері

"Аумағында сарапталатын қызмет
көзделіп отырған жергілікті
атқарушы органдардың жүзеге
асыратын қоғамдық экологиялық
сараптаманы жүргізудің мемлекеттік
тіркеу ережеcін бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2004 жылғы 29 мамырдағы
N 149-ө бұйрығымен бекітілген
Аумағында сарапталатын қызмет көзделіп отырған жергілікті атқарушы органдардың жүзеге асыратын қоғамдық экологиялық сараптаманы жүргізудің мемлекеттік тіркеу ережелері

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Аумағында сарапталатын қызмет көзделіп отырған жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың жүзеге асыратын қоғамдық экологиялық сараптаманы жүргізудің мемлекеттік тіркеу ережелері (бұдан әрі - Ережелер) "Экологиялық сараптама туралы" Қазақстан Республикасы заңына сәйкес әзірленген.

2 2. Осы Ережелер Аумағында шаруашылық қызметті жоспарланып отырған облыс әкімдері өкілеттік берген жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың жүзеге асыратын қоғамдық экологиялық сараптаманы жүргізуді ұйымдастырудың және мемлекеттік тіркеудің тәртібін белгілейді.

3 3. Қоғамдық экологиялық сараптама - тұрғындардың жекелеген топтарының, қоғамдық бірлестіктері мен ғылыми ұйымдардың бастамасымен қызметтің кез келген түрлерін экологиялық бағалау үшін құратын сараптау комиссияларының ерікті бастамасымен жүзеге асыратын қызметінің түрі.

Қоғамдық экологиялық сараптама жекелеген қоғамдық топтармен және тұрғындармен өзара ықпалдасуды күшейту, сараптаманың жоспарланатын объектілері бойынша барынша объективті ақпарат алу мақсатында жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қоғамдық экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалардың экологиялық сараптама саласындағы жұмыстарды жүзеге асыруға лицензиялары болуы тиіс.

4 4. Қоғамдық экологиялық сараптама мемлекеттік экологиялық сараптаманың сол объектілері бойынша жүргізілуіне қарамастан жүзеге асырылуы мүмкін.

5 5. Қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысының ақпараттық және кепілдемелік сипаты бар.

6 6. Қоғамдық экологиялық сараптаманы қаржыландыру қоғамдық экологиялық бірлестіктердің және/немесе қорлардың өзіндік қаражаты есебінен немесе қоғамдық бастамамен жүзеге асырылады.

2 2. Қоғамдық экологиялық сараптаманы жүргізудің мемлекеттік тіркеудің тәртібі

7

7. Қоғамдық экологиялық сараптаманы жүргізу туралы өтінім түскен кезде жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган 10 күн ішінде мемлекеттік тіркеу журналында осы өтінішті мемлекеттік тіркеуді жүргізеді және қоршаған ортаны қорғау саласындағы атқарушы органға оның тіркелгені туралы хабарлайды.
Өтінімде қоғамдық экологиялық сараптамалық комиссия құрамы, экологиялық сараптамасы, оны жүргізудің мерзімдері белгіленген объектінің атауы туралы мәліметтер болуы тиіс.

8

8. Қоғамдық экологиялық сараптаманы мемлекеттік тіркеу журналын жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган жүргізеді және осы Ережелерге қосымшаға сәйкес онда экологиялық сараптама объектісінің атауы, қоғамдық сараптамалық комиссияның атауы, қоғамдық экологиялық-сараптамалық комиссияның құрамы (қоғамдық сарапшылардың біліктілік құрамы), сондай-ақ бұрын орындалған сараптамалық жұмыстар туралы (қосымша) мәліметтер болуы тиіс.

9 9. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган өтінімді қарау аяқталған соң Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен өтінім берушіге тіркеу нөмірімен және күнімен мемлекеттік тіркеу туралы қорытындыны береді.

1 Қоғамдық экологиялық сараптаманы жүргізуді тіркеу журналының нысаны

Қазақстан Республикасы Қоршаған
ортаны қорғау министрінің
2004 жылғы 29 мамырдағы N 149-ө
бұйрығымен бекітілген Аумағында
шаруашылық қызметті көзделіп
отырған жергілікті атқарушы
органдардың жүзеге асыратын
қоғамдық экологиялық сараптаманы
мемлекеттік тіркеуді жүргізудің
ережелеріне қосымша
Қоғамдық экологиялық сараптаманы жүргізуді тіркеу журналының нысаны
__________________________________________________________________
NN |Мемлекеттік|Болжалданатын қоғам.|Қоғамдық сараптама. |Мемле.
р/р|тіркеуге |дық экологиялық са. |лық комиссияның |кеттік
|өтінімді |раптаманың объектісі|атауы, экологиялық |тіркеудің
|ұсыну күні |(атауы, тұрған жері)|сарапшылардың білік.|N мен
| |туралы мәліметтер |тілік құрамы, бұрын |күні
| | |орындалған сарапта. |
| | |малық жұмыстар |
| | |туралы мәліметтер |
__________________________________________________________________
1 2 3 4 5
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

Қолданыстағы