О создании коммунального государственного учреждения «Центр оказания специальных социальных услуг» государственного учреждения «Отдел занятости и социальных программ акимата города Аркалыка»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О создании коммунального государственного учреждения «Центр оказания специальных социальных услуг» государственного учреждения «Отдел занятости и социальных программ акимата города Аркалыка»
- Атауы (қаз.)
- «Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 459
- Қабылданған күні
- 25.11.2024
- Қолданысқа енгізілген күні
- 25.11.2024
- Көрсетілген редакция
- 25.11.2024 203173_729849.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.11.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24NC00459A
- ЭКБ идентификаторы
- 203173
- Редакция идентификаторы
- 203173_729849
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 08:24
0 «Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 105-бабына, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасының «Мемлекттік мүлік туралы» Заңының 124-бабына сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылсын.
2 2. Қоса беріліп отырған «Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Жарғысы бекітілсін.
3 3. «Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) «Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығында республикалық мемлекеттік кәсіпорыны Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуін;
3 3) осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуды қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Арқалық қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.
9 «Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жарғысы
Арқалық қаласы әкімдігінің
2024 жылғы 25 қарашадағы
№ 459 қаулысымен
бекітілген
«Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жарғысы
1 1. Жалпы ережелер
1
1. «Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Орталық) үйде және күндізгі болу бөлімшелерінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, арнаулы әлеуметтік қызметтер талаптарын айқындау және бағалау үшін құрылған заңды тұлға мәртебесі бар коммерциялық емес ұйым болып табылады.
2 2. Арқалық қаласы әкімдігі Орталықтың ұйымдастырушысы болып табылады.
3 3. Орталықтың мүлікке қатысты құқық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган болып табылады.
4 4. Арқалық қаласы әкімдігі «Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемеге (бұдан әрі - мемлекеттік басқару органы) Орталықтың басқару жөніндегі бірқатар функцияларды іске асыратын орган болуға рұқсат береді.
5 5. Орталықтың толық атауы - «Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
6 6. Орталықтың орналасқан жері: 110300 индексі, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Абай даңғылы, 62.
2 2. Орталықтың заңды мәртебесі
7 7. Орталық заңды тұлға құқығына ие болып, мемлекеттік тіркелу сәттен бастап құрылған болып саналады.
8 8. Орталықтың дербес балансы, заңнамасына сәйкес банктерде шоттары, бланкілер, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы және Орталықтың мемлекеттік және орыс тілдерінде атауы белгіленген мөрі бар.
9 9. Орталық басқа заңды тұлғаны құрай алмайды, сондай – ақ оның ұйымдастырушысы (қатысушысы) бола алмайды.
10 10. Орталық өзінің билігіндегі ақшамен өз міндеттемелері бойынша жауап береді. Ақша жеткіліксіз болған кезде, тиісті бюджет қаражатымен Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік – аумақтық бірлігі субсидарлық жауапкерші болады.
11 11. Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес міндетті түрде мемлекеттік немесе басқа тіркеуіне сәйкес Орталықтың азаматтық – құқықтық мәмілелері тіркелген сәттен бастап жасалған болып табылады.
Шарттық міндеттемелер бойынша Орталықтың жауапкершілігі тиісті жылға арналған қаржыландыру жоспар шегінде басталады.
Орталықтың тиісті қаржы жылына арналған бекітілген қаржыландыру жоспарынан артық міндетемелерін қабылдауға жол берілмейді.
3 3. Орталықтың қызметінің мәні және мақсаттары
12
12. Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға (отбасыларға) арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну Орталық қызметінің мәні болып табылады. Арнаулы әлеуметтік қызметтер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес беріледі.
13 13. Орталық мүгедектігі бар адамдарға, оның ішінде мүгедектігі бар балаларға, басқа адамның күтіміне мұқтаж қарт адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін құрылған.
14 14. Қойылған мақсаттарды іске асыру үшін Орталық мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1 1) Тұрғылықты жері бойынша үйде және күндізгі болу бөлімшелерінде күндізгі уақытта азаматтардың (бұдан әрі - қызмет алушылар) мынадай санаттарына арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік көлемін көрсету:
- психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балаларға;
- тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларға;
- 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар адамдарға;
- бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
- егде жасына байланысты өз бетінше қозғала алмайтын адамдарға;