Құжат мәтініне өту

Об установлении тарифов на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городском и пригородном сообщениях

Қаулы · № 489 · қабылданған 21.11.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-203208/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об установлении тарифов на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городском и пригородном сообщениях Қолданыста Қаулы ·№ 489 ·21.11.2024
21.11.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.11.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении тарифов на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городском и пригородном сообщениях

Қолданыста Қаулы ·№ 489 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении тарифов на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городском и пригородном сообщениях
Атауы (қаз.)
Жолаушылар мен багажды қалалық және қала маңы қатынастарында автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
489
Қабылданған күні
21.11.2024
Көрсетілген редакция
21.11.2024 203208_733680.kaz
Соңғы өзгеріс
21.11.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G24VD00489A
ЭКБ идентификаторы
203208
Редакция идентификаторы
203208_733680
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 08:32

0 Жолаушылар мен багажды қалалық және қала маңы қатынастарында автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 19-бабына сәйкес, Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Риддер қаласының аумағында қалалық қатынаста жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланған тариф мынадай мөлшерде белгіленсін:

1 1) Интернет желісі және ұялы байланыс құрылғылары арқылы электрондық төлем жүйесі арқылы жол жүру үшін қолма-қол ақшасыз ақы төленген кезде, ересектерге - 130 (бір жүз отыз) теңге;

2 2) жол ақысын қолма-қол ақшамен төлеген кезде ересектерге - 150 (бір жүз елу) теңге.

2 2. Мынадай бағыттар бойынша жолаушылар мен багажды қала маңындағы автомобильмен тұрақты тасымалдауға тарифтер белгіленсін:

1 1) № 162 маршрут «Риддер қаласының автостанциясы - Поперечное ауылы» ересектерге - 600 (алты жүз) теңге;

2 2) № 165 маршрут «Риддер қаласының автостанциясы - Бутаково ауылы» ересектерге - 450 (төрт жүз елу) теңге.

3 3. Жеті жасқа дейінгі балалардың жол жүруі тегін, жетіден он бес жасқа дейінгі балалардың жол жүруі - ересектерге белгіленген тарифтің - 50%.

4 4. Жол жүру үшін электрондық төлем жүйесі бұзылған жағдайда, көлік карталары арқылы ақы төлеуді жүзеге асыратын жолаушылар тегін жол жүруге құқылы.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Риддер қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

6 6. Осы қаулы қабылданған күннен бастап қаулы қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Риддер қалалық
мәслихатының төрағасы
Е. Нужных

Қолданыстағы