Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута

Қаулы · № 363 · қабылданған 27.11.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-203245/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута Қолданыста Қаулы ·№ 363 ·27.11.2024
27.11.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.11.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении публичного сервитута

Қолданыста Қаулы ·№ 363 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута
Атауы (қаз.)
Қауымдық сервитут белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
363
Қабылданған күні
27.11.2024
Көрсетілген редакция
27.11.2024 203245_730730.kaz
Соңғы өзгеріс
27.11.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G24UF00363A
ЭКБ идентификаторы
203245
Редакция идентификаторы
203245_730730
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 08:21

0 Қауымдық сервитут белгілеу туралы

«Интергаз Орталық Азия» акционерлік қоғамының «Шымкент магистралды газ құбырлары басқармасының 10.10.2024 жылғы № 38-38-17-1360 хатын қарап, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 17, 69 баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 бабына сәйкес Қазығұрт аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Интергаз Орталық Азия» акционерлік қоғамына Қазығұрт ауданы, Шанақ, Қ.Әбдәлиев, Сарапхана, Шарбұлақ ауылдық округтерінен магистралды газ құбыры өткелдерін ұйымдастыру үшін барлығы 0,0957 гектар жер учаскелеріне жер пайдаланушылардан алып қоймай 3 (үш) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

2 2. «Қазығұрт аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1

1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күн ішінде оның орыс және қазақ тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасынының Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикалық нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

2 2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін оның Қазығұрт ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Аширбаевқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы