Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута на земельный участок

Қаулы · № 740 · қабылданған 26.11.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-203247/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута на земельный участок Қолданыста Қаулы ·№ 740 ·26.11.2024
26.11.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.11.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении публичного сервитута на земельный участок

Қолданыста Қаулы ·№ 740 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута на земельный участок
Атауы (қаз.)
Жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
740
Қабылданған күні
26.11.2024
Көрсетілген редакция
26.11.2024 203247_731422.kaz
Соңғы өзгеріс
26.11.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G24NN00740A
ЭКБ идентификаторы
203247
Редакция идентификаторы
203247_731422
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 08:23

0 Жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18 - бабына, 69 - бабының 4 - тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 - бабына сәйкес Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне сумен жабдықтау жүйесін орналастыру және пайдалану үшін, Қостанай облысы Қостанай ауданы Мәскеу ауылдық округінің аумағында орналасқан, жалпы ауданы 6,5873 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.

2 2. Қостанай ауданы әкімдігінің «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберілуін;

2 2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қостанай ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы