Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «АХ-СУЛ»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «АХ-СУЛ»
- Атауы (қаз.)
- «АХ-СУЛ» жауапкершiлiгi шектеулі серiктестiгiне қауымдық сервитут белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 8
- Қабылданған күні
- 02.12.2024
- Көрсетілген редакция
- 02.12.2024 203381_732381.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.12.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24NHC0008B
- ЭКБ идентификаторы
- 203381
- Редакция идентификаторы
- 203381_732381
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 08:12
0 «АХ-СУЛ» жауапкершiлiгi шектеулі серiктестiгiне қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19, 71-1-баптарына, «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес және 2020 жылғы 6 тамыздағы № 729-EL қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензия негізінде, Әйет ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. «АХ-СУЛ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, Әйет ауылдық округінің Әйет ауылы аумағында орналасқан, жалпы аланы 89,9452 гектар жер учаскесінде қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу мақсатында 2026 жылғы 6 тамызға дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2 2. «АХ-СУЛ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскелерін нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға жарамды күйге келтіру ұсынылсын.
3 3. «Әйет ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1
1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберуді;