Об утверждении Правил предоставления кредитов на поддержку и развитие малого предпринимательства за счет средств областного бюджета Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.07.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту үшін облыстық бюджет қаржысы есебінен кредит беру Қағидасын бекіту туралы «Бюджет жүйесі туралы» Казақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі № 832 қаулысымен бекітілген мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептілік нысандарын жүргізу (мерзімдік және жылдық) жөніндегі қаржылық рәсімдердің Ережелеріне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабына сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту үшін облыстық бюджет қаржысы есебінен кредит беру Қағидасы;
Тармақша 2
2) шағын кәсіпкерлік дамытудың басым бағыттарының Тізбесі;
Тармақша 3
3) шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын іріктеу және қарау жөніндегі конкурстық комиссия құрамы бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Ақтөбе облысы бойынша кәсіпкерлікті қолдау басқармасы» ММ (Р. Ә. Юсупова) әкіммен және оның орнындағы тұлғамен бірге екінші деңгейдегі банктермен және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің лицензиясы бар, конкурстық іріктеуден өткен мекемелермен кредит беру келісімдеріне қол қоюға окілетті деп белгіленсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Қ. Ғилымовқа жүктелсін.
Басқа 7
Облыс әкімиятының 2004 жылғы 31 мамырдағы № 131 қаулысымен БЕКІТІЛДІ Шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту үшін облыстық бюджет қаржысы есебінен кредит беру ҚАҒИДАСЫ 1. Осы Қағида «Бюджет жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылдың 1 сәуіріндегі № 357-1 Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі № 832 қаулысымен бекітілген мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептілік нысандарын жүргізу (мерзімдік және жылдық) жөніндегі қаржылық рәсімдердің Ережелеріне сәйкес дайындалды және облыста шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту үшін бөлінетін бюджет қаржысы есебінен шағын кәсіпкерлік субъектілеріне кредит берудің тәртібін анықтайды.
Бөлім 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қағидада мынадай түсініктер қолданылады: кредит беруші - жергілікті атқарушы орган; бюджеттік кредит -кредит берушілердің жергілікті бюджет қаржысы есебінен мерзімділігі, ақылығы және қайтарылымдылығы шарттарда берілетін ақша; заем алушы - тиісті бюджет алдында кредитті қайтару жөнінде тікелей міндеттемелері бар бюджет қаражатынан кредит алушы; заемшы-банк - банк операцияларының кейбір түрлерін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясын алған екінші деңгейдегі банк немесе ұйым, олар түпкі заемшыларға одан әрі кредит беру үшін жергілікті бюджеттен бюджеттік кредит алады; түпкі заемшы - заемшы-банк арқылы бюджеттік кредит алушы, шағын кәсіпкерлік субъектісі - заңды немесе жеке тұлға; бюджеттік кредит бойынша берешек - заемшының бюджеттік кредитті белгілі мерзімге өтеу мен қызмет көрсету кестесіне сәйкес қайтармаған төлемдердің сомасы; конкурстық комиссия - шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын іріктеу және қарау жөніндегі комиссия.
Тармақ 2
2. Бюджеттік кредит беру жергілікті атқарушы органдардың тиісті жылға қабылданған бюджеттерді орындау жөніндегі міндеттерінің құрамына кіреді және одан әрі бюджеттік кредиттерді түпкі заемшыларға және бюджеттік кредит беру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің лицензиясын алған ұйымдарға беретін заемшы - банкке беру жолымен жүзеге асырылады. Осы қағидада сондай-ақ түпкі заемшыларға заемшы банктермен бірге қосымша қаржыландыру тәртібінде бірлесіп кредит беру шарттары айқындалады. Бюджеттік кредит беру, жобаларды қосымша қаржыландыру қолданыстағы заңнамаға сәйкес ашық конкурс өткізу жолымен іріктелген заемшы-банк арқылы облыста шағын кәсіпкерлікті дамытудың басым бағыттарының Тізібесіне сай орындалады. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне бюджет қаржылары есебінен кредит беру үшін банкілік қызмет көрсету жөніндегі ашық конкурс өткізу тәртібі конкурстық Комиссиямен анықталады. Бұдан басқа конкурстық Комиссия екінші деңгейдегі банктермен, Қазақстан Республикасы Халықтық банкісінің лицензиясы бар мекемелермен кредиттік келісімнің жалпы шарттарын, сыйақы ставкасын және кредит беру жөніндегі басқа да шарттарды әзірлейді және бекітеді.
Тармақ 3
3. Жергілікті бюджет қаржысы есебінен шағын кәсіпкерлік субъектілеріне бюджеттік кредит беру туралы заемшы- банкпен кредиттік келісім жасауды жергілікті атқарушы орган атынан экім немесе оның орнындағы тұлға және облыстық кәсіпкерлікті қолдау басқармасы (бұдан әрі Басқарма) жүзеге асырады.
Бөлім 2. 2. Бюджеттік кредит берудің тәртібі және шарты
2. Бюджеттік кредит берудің тәртібі және шарты
Тармақ 4
4. Шағын кәсіпкерлікті қолдауға және дамытуға бағытталған бюджет қаржысы мақсатты және облыстық бюджетте тиісті жылға бекітілген сома шегінде "Ақтөбе облысы бойынша шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық Бағдарламасы туралы" облыстық мэслихаттың 2003 жылғы 27 наурызындағы №9 шешімін орындауға беріледі.
Тармақ 5
5. Бюджеттік кредит беру барысында экім немесе оның орнындағы тұлға, Басқарма және заемшы-банк арасында кредиттік келісім жасалады.
Тармақ 6
6. Кредит беру мерзімі бизнес-жобаға байланысты: 1 жылға дейін - қысқа мерзімдік, 1 жылдан артық, бірақ 3 жылдан кем - орта мерзімдік, 3 жылдан жоғары - үзақ мерзімдік болып анықталады.
Тармақ 7
7. Бюджеттік кредитті жергілікті бюджет заемшы - банкке нөлдік ставка бойынша, банк түпкі заемшыга конкурстық комиссия белгілеген ставка бойынша ұлттық ақша түрінде береді.
Тармақ 8
8. Бюджеттік кредиттерді түпкі заемшыға қайтарымдылық шартында беру, сондай-ақ жобаларды қосымша қаржыландыру олар облыстың шағын кәсіпкерлігін дамытудың басым бағыттарының Тізбесіне сәйкес қызмет атқарған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Кредит беруге бөлінетін бюджеттік қаржыны олар еңбекке ақы төлеу, бюджетке төлемдер, банк алдындағы міндеттемелер және мерзімі өтіп кеткен төлемдер жөніндегі берешетерін өтеуге жұмсай алмайды.
Тармақ 10
10. Басқарма басым бағыттар Тізбесіне сәйкес келетін жобаларды іріктейді, алдын ала сараптама жасайды және конкурстық Комиссияның қарауына ұсынады. Комиссия өзінің отырысында өзі мақұлдаған жобаларды қарайды және оның тізімін бекітеді. Конкурстық Комиссияның шешімі тиісті хаттамамен ресімделеді. Жобалардың бекітілген тізімін басқарма уәкілетті заемшы-банкке береді.
Тармақ 11
11. Заемшы-банктердің кредит берушінің кредиттік ресурстарынан бюджеттік қаржыларды түпкі заемшыларға беруі қолданыстағы заңнамаға сәйкес жасалған кредиттік шарттарға және заемшы-банктердің ішкі кредиттік саясатына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Заемшы-банктер: түпкі заемшылардың төлем қабілеттілігін және бюджеттік кредитті өтемеу тәуекелінің дәрежесін, экономикалық жағынан мақсатқа сәйкес келетіндігін, жобаның техникалық- экономикалық және қаржылық көрсеткіштеріне талдауына, кредитті өтеу көзінің болуын және оның қамтамасыз етілгендігіне талдау жүргізу жолымен түпкі заемшылардың жобаларына сараптау жүргізеді. Банктер мақұлдаған жобалар бойынша банк жобаны қаржыландыруға келісім беретіндігі туралы Басқармаға жазбаша түрде хабарлайды.
Тармақ 13
13. Комиссияның қанағаттандырарлық шешімін алған және банк мақұлдаған жобалар бойынша банк түпкі заемшыға кредит беру жөнінде қажетті құжаттарды ресімдейді, кредит беру шартын жасайды.
Тармақ 14
14. Банктің түпкі заемшыға беретін бюджеттік кредит пайызы, оның мөлшері және мерзімі облыс әкімиятының тиісті қаулысымен анықталған шекті мөлшерлерден аспауы тиіс.
Тармақ 15
15. Бюджет қаржысы есебінен берілетін бюджеттік кредиттер, сондай- ақ түпкі заемшыларға кредит беруге жұмсалған Комиссиямен қосымша қаржыландыру шарты бойынша осы Ережелерде белгіленген қаржының бір бөлігі, әдетте, қамтамасыз етілген кепілділдікке немесе олар ұсынған өзге кепілдікке берілуі тиіс.
Тармақ 16
16. Жобаларды қосымша қаржыландыру кезінде басқарма бюджеттік кредиттердің үлесін жылдық нөлдік ставка бойынша жоба құнына береді. Банкінің жобаны қосымша қаржыландыруға қатысу үлесі берілетін кредиттің жалпы сомасының 50 пайызынан кем болмауы керек. Сыйақының жалпы пайыздық ставкасы кредит беру сэтінде Қазақстан Республикасы ¥лттық банктің қайта қаржыландыру ставкасынан аспауы тиіс.
Тармақ 17
17. Кредиттік шарт және де оған байланысты құжаттар жасалғаннан кейін, заемшы-банктер түпкі заемшылардың атына несие шоттарын ашады, оларға кредиттік шарттарға сәйкес бюджеттік кредит аударылады. Көрсетілген шоттар түпкі заемшының есеп-шотына ақша аудару жолымен немесе оның төлем құжаттарына ақша аудару арқылы жүргізіледі.
Тармақ 18
18. Жергілікті бюджетте шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту үшін көзделген қаржыларды облыстық қаржы басқармасы оның өтініміне сәйкес - басқарманың (бағдарлама әкімшісінің) есеп шотына аударады және ол Басқарма нақты жоба бойынша қанағаттандырарлық қорытынды алғандығы туралы жазбаша хабарлама алғаннан кейін түпкі заемшыларға кредит беру үшін заемшы банкке бөлінеді. Банк бөлінген бюджегтік каржылары 15 күннің ішінде кредит ресурсы ретінде игермеген жагдайда, олар 5 банк кунінің ішінде басқарманың есеп-шотына кайтарылады. Олар бөлген: бюджеттік каржылар игерілмеген жағдайда, банктердің ақшалай каражаттарды басқарманың шотына уақытында кайтармағаны үшін төлейтін санкция мөлшері басқарма мен банктер арасында жасалған кредиттік келісімдерде анықталады.
Бөлім 3. 3. Бюджеттік кредитті өтеу және қызмет көрсету тәртібі
3. Бюджеттік кредитті өтеу және қызмет көрсету тәртібі
Тармақ 19
19. Заемшы-банк бюджеттік кредитті өтелуді жасалған кредиттік келісімге сәйкес жүзеге асырады. Бұл кезде төлемдер: - есептелген айыппұлдар мен өсімақылар; - есептелген сыйақылар; - негізгі қарызды өтеу кезегінде төленеді.
Тармақ 20
20. Заемшы-банк кредиттік келісімді бұзган жагдайда басқарма кредиттік келісімді мерзімінен бұрын бұзуга және кредиттің берілген нақты сомасын қайтаруға құқылы.
Тармақ 21
21. Кредитті келісім бұзылмаған жағдайда, басқарма бюджеттік кредиттің мақсатсыз жұмсалғандығын анықтаған кезде кредиттік келісімде айтылған мөлшерде айыппұл ала отырып, заемшы банктен заңсыз жұмсалған кредит сомасын өндіріп алуға құқылы.
Тармақ 22
22. Заемшы банк бюджеттік кредитті қайтармаған және кредиттік келісімде белгіленген мерзімде бюджеттік кредит бойынша сыйақы төлемеген жағдайда түзілген берешекке айыппұл пайызы есеателеді.
Тармақ 23
23. Заемшы-банк негізгі берешек сомасын кайтарған, сыйақыны айыппұлды қоса алғанда, осы кредитке қатысты барлық ілеспе төлемдерді толық көлемде толеген кезде жергілікті бюджет каржыеы есебінен берілген кредит өтеледі деп есептеледі.
Тармақ 24
24. Түпкі заемшыларда бюджеттік кредит бойынша берешек түзелген және ол кредиттік шарттың мерзімдерінде аныкталган мерзімде өтелмеген кезде банк кепілзатты өндіріп алу жолымен кредитті күштеп қайтару жөнінде шара алады.
Тармақ 25
25. Жергілікті бюджет қаржысы есебінен берілген кредитті: - сыйақы ставкасын; - кредитті және кезекті төлемді өтеу мерзімін; - кредит валютасын өзгерту арқылы құрылымдық жағынан қайта құру әкімияттын тиісті шешімнің негізінде жүзеге асырылады. Бұл кезде кредитті немесе кезекті төлемді өтеу мерзімі кредит валютасы және сондай-ақ сыйақы ставкасы, тиісті каржы жылына жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімімен бекітілген бюджеттің кіріс бөлігінің мөлшеріне әсер етпеуі тиіс.
Бөлім 4. 4. Бюджеттік кредитті есепке алу және бақылау
4. Бюджеттік кредитті есепке алу және бақылау
Тармақ 26
26. Бюджеттік кредитердің максатты жұмсалуын бақылауды "Облыстық каржы баскармасы" ММ бағдарлама әкімшісі, заемшы банк түпкі заемшылардың бюджеттік кредитердің максатты жұмсалуын бөлінген қаржылар шығыстарының аударылуын тексеру және кадағалау жолымен жүзеге асырады.
Тармақ 27
27. Тараптардың бюджеттік несиелендіру кезінде туындаған барлық даулары мен пікір- қайшылыктары жасалған несиелік шарттардың талаптарымен және Қазакстан Республикасының заңдарына сәйкес шешіледі.
Тармақ 28
28. Басқарма бақылауға алу мақсатында заемшы банктердің бюджеттік кредиттерге байланысты ақпаратты талап етуге құқылы.
Басқа 40
Облыс әкімиятының 2004 жылғы «31» мамырдағы № 131 қаулысымен БЕКІТІЛДІ Шағын кәсіпкерлік дамытудың басым бағыттарының Тізбесі
Тармақша 1
1) мал шаруашылығы, құс шаруашылығы, балық шаруашылығы;
Тармақша 2
2) егін шаруашылығы;
Тармақша 3
3) ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу;
Тармақша 4
4) сүт өнімдерін өндіру және өңдеу;
Тармақша 5
5) үй малының, балықтың және құстың етін өңдеу;
Тармақша 6
6) жидектерді, жемістерді, майлы дақылдарды, көкөністерді өңдеу;
Тармақша 7
7) кондитерлік және нан өндірісі;
Тармақша 8
8) ас өнімдерін өндіру;
Тармақша 9
9) өсімдік майын өндіру;
Тармақша 10
10) жүн мен теріні өңдеу және олардан бұйымдар өндіру;
Тармақша 11
11) ара өсіру;
Тармақша 12
12) текстильді және тігін өндірісі;
Тармақша 13
13) қолөнер кәсібін дамыту, сыйлық бұйымдарын өндіру;
Тармақша 14
14) ақпараттық технологияларды дамыту;
Тармақша 15
15) ғылыми технологияларға негізделген құрал-жадбықтар мен қондырғыларды жинақтау, өндіру, ноу-хау;
Тармақша 16
16) туризмді дамыту;
Тармақша 17
17) республикалық маңызы бар жолдарда жол бойындағы сервис дамыту;
Тармақша 18
18) құрылыс материалдарын шығару;
Тармақша 19
19) халыққа қызмет көрсету саласын дамыту;
Тармақша 20
20) франчайзангті дамыту;
Тармақша 21
21) халық пайдаланатын тауарларды өндіру;
Тармақша 22
22) өнер кәсіп өндірісі.
Басқа 63
Облыс Әкімиятының 2004 жылғы «31» мамырдағы № 131 қаулысымен БЕКІТІЛДІ Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын іріктеу және қарау жөніндегі конкурстық комиссияның ҚҰРАМЫ Юсупова Рашида Әбілсағитқызы «Ақтөбе облыстық кәсіпкерлікті қолдау басқармасы» ММ бастығы, комиссия торағасы Еңсегенұлы Сағат «Ақтөбе облысы қаржы департаменті» ММ директоры Әжібаев Ерсайын Ысқақұлы «Облыстық ауыл шаруашылығы департамент» ММ директоры Қаратаев Аманжол Қамзаұлы «Облыстық экономика және индикативті жоспарлау департамент» ММ директоры Марченко Анатолий Николаевич «Ақтобе облысының кәсіпкерлер және жұмыс берушілер одағы» ҚБ атқарушы директоры (келісім бойынша)