Құжат мәтініне өту

Об утверждении коэффициентов зонирования, учитывающих месторасположение объекта налогообложения в населенных пунктах района Үлкен Нарын

Қаулы · № 176 · қабылданған 28.11.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-203406/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении коэффициентов зонирования, учитывающих месторасположение объекта налогообложения в населенных пунктах района Үлкен Нарын Қолданыста Қаулы ·№ 176 ·28.11.2024
28.11.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.11.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении коэффициентов зонирования, учитывающих месторасположение объекта налогообложения в населенных пунктах района Үлкен Нарын

Қолданыста Қаулы ·№ 176 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении коэффициентов зонирования, учитывающих месторасположение объекта налогообложения в населенных пунктах района Үлкен Нарын
Атауы (қаз.)
Салық салу объектісінің Үлкен Нарын ауданының елді мекендерінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
176
Қабылданған күні
28.11.2024
Қолданысқа енгізілген күні
01.01.2025
Көрсетілген редакция
28.11.2024 203406_730963.kaz
Соңғы өзгеріс
28.11.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V24VU911016
ЭКБ идентификаторы
203406
Редакция идентификаторы
203406_730963
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 08:19

0 Салық салу объектісінің Үлкен Нарын ауданының елді мекендерінде

орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 529-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы ақпараттар мен коммуникациялар Министрінің 2018 жылғы 12 қарашадағы № 475  «Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17847 болып тіркелген) сәйкес Үлкен Нарын ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Салық салу объектісінің Үлкен Нарын ауданының елді мекендерінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2 2. «Үлкен Нарын ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) «Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде осы қаулының мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Үлкен Нарын ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Үлкен Нарын ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

7 Салық салу объектісінің Үлкен Нарын ауданының елді мекендерінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті

Үлкен Нарын ауданының әкімдігінің
2024 жылғы 28 қарашадағы
№ 176 қаулысына
қосымша
Салық салу объектісінің Үлкен Нарын ауданының елді мекендерінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті
Салық салу объектісінің елді мекенде орналасқан жері
Аймаққа бөлу коэффиценті
1. Үлкен Нарын ауылдық округі
1
Үлкен Нарын ауылы
1,85
2
Свинчатка ауылы
1,40
3
Көктерек ауылы
1,15
4
Көкбастау ауылы
1,10
5
Жұлдыз ауылы
1,35
6
Балғын ауылы
1,35
2. Ново-Хайрузовка ауылдық округі
1
Новохайрузовка ауылы
1,45
2
Құндызды ауылы
0,75
3
Алыбай ауылы
1,00
4
Приморское ауылы
1,60
3. Солоновка ауылдық округі
1
Солоновка ауылы
1,30
2
Малонарымка ауылы
1,45
4. Ново-Поляковка ауылдық округі
1
Новополяковка ауылы
1,20
2
Бесүй ауылы
1,00
3
Сенное ауылы
1,20
4
Қаражал ауылы
0,80
5. Алтынбел ауылдық округі
1
Алтынбел ауылы
1,45
2
Майемер ауылы
1,35
3
Егінді ауылы
1,00
4
Үштөбе ауылы
1,25
6. Солдатово ауылдық округі
1
Солдатово ауылы
1,45

Қолданыстағы