Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута на земельные участки для проведения операций по разведке твердых полезных ископаемых товариществом с ограниченной ответственностью «КазГеоЭксплорейшен»

Қаулы · № 96/02 · қабылданған 28.10.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-203434/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута на земельные участки для проведения операций по разведке твердых полезных ископаемых товариществом с ограниченной ответственностью «КазГеоЭксплорейшен» Қолданыста Қаулы ·№ 96/02 ·28.10.2024
28.10.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.10.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении публичного сервитута на земельные участки для проведения операций по разведке твердых полезных ископаемых товариществом с ограниченной ответственностью «КазГеоЭксплорейшен»

Қолданыста Қаулы ·№ 96/02 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута на земельные участки для проведения операций по разведке твердых полезных ископаемых товариществом с ограниченной ответственностью «КазГеоЭксплорейшен»
Атауы (қаз.)
«КазГеоЭксплорейшен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер учаскелеріне жария сервитут белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
96/02
Қабылданған күні
28.10.2024
Көрсетілген редакция
28.10.2024 203434_738294.kaz
Соңғы өзгеріс
28.10.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G24KO09602A
ЭКБ идентификаторы
203434
Редакция идентификаторы
203434_738294
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 09:02

0 «КазГеоЭксплорейшен» жауапкершілігі

шектеулі серіктестігімен қатты
пайдалы қазбаларды барлау
жөніндегі операцияларды
жүргізу үшін жер учаскелеріне
жария сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабының 5-1) тармақшасына, 69, 71-1-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «КазГеоЭксплорейшен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін 2030 жылғы 04 наурызға дейінгі мерзімге жер учаскелерін алып қоймай, Осакаров ауданының Садовый ауылдық округінің аумағында орналасқан жалпы ауданы 4 414,49 гектар жер учаскелеріне жария сервитут белгіленсін.

2

2. «КазГеоЭксплорейшен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың шығындарын толық көлемде өтеуі қажет, залалдардың мөлшері мен оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімімен айқындалсын.

3 3. «Осакаров ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 2024 жылғы 4 наурыздағы № 2524-ЕL қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензияның шекарасындағы оларға қатысты жария сервитут белгіленуге жататын жер учаскелерінің (учаскелердің бөліктерінің) тізбесі.

Осакаров ауданы әкімдігінің
2024 жылғы «28» қазандағы
№ 96/02
қаулысына қосымша
2024 жылғы 4 наурыздағы № 2524-ЕL қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензияның шекарасындағы оларға қатысты жария сервитут белгіленуге жататын жер учаскелерінің (учаскелердің бөліктерінің) тізбесі.
№№
Кадастрлық нөмірі
Учаскенің орналасқан жері
Учаскенің жалпы ауданы, га
Жария сервитут белгіленуге жататын учаскелер бөліктерінің ауданы (лицензия шекарасында), га
1.
09-137-007
Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Садовый ауылдық округі, Жаңатоған ауылы
28,8480
28,8480
2.
09-137-008-008
Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Садовый ауылдық округі, «YUGER2023» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
4383,6420
4383,6420
БАРЛЫҒЫ
4 414,49

Қолданыстағы