Қолданыстағы ред. 01.06.2004 (Редакция 20346_339544.kaz)

Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі жөніндегі Ережені бекіту туралы от 01.06.2004 г. № 7-5 (Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі жөніндегі Ережені бекіту туралы)

0

Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі жөніндегі Ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бап 1 тармағын және 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңын басшылыққа алып Қаратөбе аудандық Мәслихат сессиясы ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1.«Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі жөніндегі Ереже N 1 қосымшаға сай бекітілсін;

2

2. Батыс Қазақстан облыстық Әділет Департаментінен мемлекеттік тіркеуден өтіп келгеннен кейін баспасөз бетінде жария етілсін;

3

3. Осы шешім қабылдануына байланысты аудандық Мәслихаттың 2004 жылғы 20 сәуірдегі "Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі жөніндегі Ережені бекіту туралы" N 6-2 шешімі күшін жойды деп есептелсін.

4. Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі жөніндегі ЕРЕЖЕ

Қаратөбе аудандық Мәслихатының
2004 жылғы 2 маусымдағы
N 7-5 шешімімен бекітілген
N 1 қосымша
Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй
көмегін көрсету тәртібі жөніндегі
ЕРЕЖЕ
Ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" және 1997 жылғы 16 сәуірдегі N 94-1 "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарын басшылыққа алып жасалды.

1

1. Тұрғын үй көмегі халықтық табысы жағынан аз қамтылған санаттарына:

1

1) тұрғын үйді ұстауға;

2

2) коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге;

3

3) үй жалдауға мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін халықты әлеуметтік қорғаудың бір түрі болып табылады.

2

2. Тұрғын үйді ұстау және коммуналды қызметтерді төлеу:

1

1) жалғызбасты зейнеткерлерге;

2

2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерге, олармен теңестірілгендерге және күтушілеріне;

3

3) тұл жетім балаларға, ата-анасыз қалған балаларды қамқорлап бірге тұрған адамдарға;

4

4) зейнеткерлер отбасында егерде, олармен бірге жасы кәмелетке толмаған және 3 жасқа толмаған балалары болса;

5

5) асыраушысынан айырылған азамат, азаматшылар отбасыларына және жасы 45-тен асқан жұмыссыз әйел адамдарды және 50-ден асқан жұмыссыз ер азаматтарға жоғарыда аталған санаттардың ерлі-зайыптыларына отбасының жиынтық табысының - 15 пайыз, басқа санаттарға - 30 пайыз мөлшерінде белгіленеді.

3

3. Белгіленген мөлшерден асатын тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтің ақысы жалпы негізде жүргізіледі:

1

1) өтемақымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының мөлшері тұрғын үй заңнамасына сай бір адамға 18 шаршы метр шегінде;

2

2) жалғыз тұратын азаматтар үшін тұратын мекен-жайдың көлеміне байланыссыз 30 шаршы метр шегінде.

4

4. Тұрғын үй көмегі осы жерде тұрғылықты тұратын тұрғын үйдің иесі немесе пайдаланушысы болатын (жалдаушы) жеке тұлғаға тағайындалады.

5

5. Тұрғын үй көмегі құрамына:

1

1) суық су;

2

2) газ;

3

3) электро жарығы;

4

4) отын жұмыстары кіреді.

6

6. Төмендегі отбасылары:
мүгедектер және 80 жастан асқан қарияларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, үш жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын азаматтарды, күндізгі оқыту нысанындағы оқитын оқушылар мен студенттерді, үш жасқа дейінгі және үштен жоғары балаларды тәрбиелеп отырған (баласының ең кішісінің бірінші сыныпты аяқтағанша), өзін-өзі қамту мақсатында жұмыстанып жүрген адамдарды қоспағанда, тұрғын үй көмегін алмайтындар:

1

1) жеке меншігінде бірден артық тұрғын үйі (пәтері) бар, немесе тұрғын үйді (пәтерді) жалға берушілер;

2

2) отбасы мүшелерінің бірі еңбекке қабілетті бола тұра, жұмыс істемесе, оқымаса, әскерде қызмет атқарып жатпағандар, жұмыспен қамту орталығында есепте тұрмағандар;

3

3) ұсынылған жұмыстан бас тартқандар, белсенді түрде жұмыс іздемеген және ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысудан бас тартқан жұмыссыздар.

7

7. Тұрғын үй көмегін төлеу кезінде туындаған дауды аудандық әкімдік жанындағы азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік төлем төлеу жөніндегі тұрақты комиссия заңға сәйкес шешеді.

8

8. Тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі үш жақты келісім-шарт бойынша жүргізіледі.

1

1) келісім-шарт әлеуметтік қорғау бөлімі, қызмет көрсетуші мекеме және тұрғын үй көмегін жүзеге асыратын мекеме арасында жасалады.

9

9. Тұрғын үй көмегі арыз берген күннен бастап, 6 ай мерзімге тағайындалады. Отбасының табысы, коммуналдық тарифтер өзгерген жағдайда, әлеуметтік қорғау органдары бұрынғы есептелген соманы қайта есептейді.

10

10. Тұрғын үй көмегін алушылар:

1

1) тұрғын үй көмегін тағайындауға ықпал ететін барлық өзгерістер туралы 10 күн ішінде әлеуметтік қорғау органдарына хабарлап отыруы керек;

2

2) тұрғын үй көмегін тағайындауға немесе заңсыз өтемақы алуға әлеуметтік қорғау органдарына біле тұра жалған мәлімет берген меншік иесі (жалдаушы) бір жылға тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады;

3

3) заңсыз алған тұрғын үй көмегі заңнамамен белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады.

11

11. Тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім үй иесінің (жалдаушының) арызының және оған қоса берілген отбасы құрамы туралы, отырған үйдің ауданы көрсетілген кітапша, өтемақымен қамтамасыз етілетін коммуналдық қызметтер шығыны, мүгедектерді бағып-күтіп отырғаны жөнінде мәліметтер тапсыруға міндетті.

12

12. Берілген құжаттарды қарағаннан кейін отбасына шарт жасалады. Шарт екі дана жасалып, біреуі меншік иесінде (жалдаушыда) сақталады. Шарт тұрғын үй көмегін төлеуге негіз болып табылады.

13

13. Арыз берушілердің берген құжаттарының растығына күмән туса, әлеуметтік қорғау органы қажет мәліметтер сұратуға құқылы, ал заңды және жеке тұлғалар тұрғын үй көмегін есептеуге қажет ақпаратты беруге міндетті.

14

14. Отбасының жиынтық табысына:

1

1) бір жолғы берілетін жерлеу және бала көргенде берілетін көмектен басқа;

2

2) отбасы мүшелерінің кәсіпкерлік қызметтен;

3

3) мүліктік кіріс;

4

4) мемлекеттік жәрдемақы;

5

5) зейнетақы;

6

6) алимент;

7

7) ақшалай-заттай ұтыстар;

8

8) қосалқы шаруашылықтан түсетін табыс көздері;

9

9) әлеуметтік көмек түрлері кіреді.

15

15. Барлық меншік түріндегі үйлерде тұрып жатқан тұрғындарға тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызмет ақысына материалдық көмек жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландырылады.

16

16. Тұрғын үй көмегін көрсету қызметі пәтерлер иелерінің және жалдаушылардың тізімдерін рәсімдеп, берілген жәрдемақының сомасын көрсетіп, әр айдың 7-не қаржы органдарына өтеу үшін тізімдемелерді береді.

17

17. Құжаттардың дұрыс ресімделмеуіне байланысты, тұрғын үй көмегінің заңсыз тағайындалуына жол берген лауазым иелері Заңмен белгіленген тәртіп бойынша жауап береді.