Құжат мәтініне өту

Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов

Өзге акт · № 27/2-08 · қабылданған 26.11.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-203535/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов Қолданыста Өзге акт ·№ 27/2-08 ·26.11.2024
26.11.2024 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.11.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов

Қолданыста Өзге акт ·№ 27/2-08 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов
Атауы (қаз.)
Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
27/2-08
Қабылданған күні
26.11.2024
Көрсетілген редакция
26.11.2024 203535_731132.kaz
Соңғы өзгеріс
26.11.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V24UN662413
ЭКБ идентификаторы
203535
Редакция идентификаторы
203535_731132
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 08:23

0 Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-9-тармағына, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 14-1-бабының 2-тармағына, «Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 18883 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Түлкібас аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес айқындалсын.

2 2. «Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» 2024 жылғы 19 сәуірдегі №18/2-08 Түлкібас аудандық мәслихаттың (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне №6519-13 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері

Түлкібас аудандық мәслихатының
2024 жылғы 26 қарашадағы
№ 27/2-08 шешіміне 1 қосымша
Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері

1 1. Қарыз сомасының 10 %, бірақ әлеуметтік көмек түрі ретінде 1 500000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.

2 2. Қарыз сомасының 10 %, бірақ әлеуметтік қолдау түрі ретінде 1500000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.

7 Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі

Түлкібас аудандық мәслихатының
2024 жылғы 26 қарашадағы
№ 27/2-08 шешіміне 2 қосымша
Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі

Санаттары
1
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 68-бабында айқындалған халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын санаттары;
2
"Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 мамырдағы №161 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32546 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес қалыптастырылатын еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесінің нәтижелері (сауалнама нәтижелері негізінде кадрларға қажеттілік болжамы) негізінде денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт салаларында еңбек қызметін жүзеге асыратын сұранысқа ие мамандар, мемлекеттік қызметшілер.

Қолданыстағы