О проведении конкурса на получение гранта из областного бюджета для развития инфраструктуры туризма в Актюбинской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О проведении конкурса на получение гранта из областного бюджета для развития инфраструктуры туризма в Актюбинской области
- Атауы (қаз.)
- Ақтөбе облысында туризмнің инфрақұрылымын дамыту үшін облыстық бюджеттен грант алуға конкурс өткізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Мәртебесі расталмаған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- upd
- Нөмірі
- 146
- Қабылданған күні
- 17.06.2004
- Көрсетілген редакция
- 29.07.2004 20375_198131.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.07.2004
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V04C0002818
- ЭКБ идентификаторы
- 20375
- Редакция идентификаторы
- 20375_198131
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 19:59
0 Ақтөбе облысында туризмнің инфрақұрылымын дамыту үшін
облыстық бюджеттен грант алуға конкурс өткізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы»
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабына
сәйкес, «Ақтөбе облысы бойынша шағын кәсіпкерлікті дамыту және
қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық Бағдарламасы туралы»
облыстық мәслихаттың 2003 жылғы 27 наурыздағы № 9 шешімін іске асыру
мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ақтөбе облысы бойынша кәсіпкерлікті қолдау басқармасы» ММ
(Р. Ә. Юсупова) Ақтөбе облысында туризмнің инфрақұрылымын дамыту үшін
облыстық бюджеттен грант алуға облыстық конкурс (бұдан әрі - конкурс)
өткізсін.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Ақтөбе облысында туризмнің инфрақұрылымын дамыту үшін облыстық бюджеттен грант алуға конкурс өткізу жөніндегі Қағида;
2) конкурстық комиссия құрамы бекітілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Қ. Ғилымовқа жұктелсін.
6 Облыс әкімиятының
2004 жылғы 18 маусымдағы
№ 146 қаулысымен
БЕКІТІЛДІ
Ақтөбе облысында туризмнің инфрақұрылымын дамыту үшін облыстық бюджеттен грант алуға конкурс өткізу жөніндегі Қағида
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағида «Ақтөбе облысы бойынша шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық Бағдарламасы туралы» облыстық мәслихаттың 2003 жылғы 27 наурыздағы № 9 шешімін іске асыру мақсатында жасалды.
2. Осы Қағида Ақтөбе облысында туризмнінің инфрақұрылымын дамыту жөніндегі үздік бизнес-жоба конкурсын өткізуге дайындалу тәртібін, шарттарын және мерзімін анықтайды.
3. «Облыстық кәсіпкерлікті қолдау басқармасы» мемлекеттік мекемесі
конкурстың ұйымдастырушысы болып табылады.
4. Қағидада мынадай түсінік қолданылады:
туризм инфрақұрылымының объектісі - сан-қилы туристік қызметтерде
туристердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін мүмкіндіктермен қамтамасыз ететін ұйым.
2. Конкурстың мақсаттары мен міндеттері
5. Конкурс Ақтөбе облысында туризм инфрақұрылымын дамыту жөніндегі үздік бизнес-жобаларды анықтау мақсатында өткізіледі және мына
міндеттерді көздейді:
1) туристік саланы дамытудың 2003-2004 жылдарға арналған мемлекеттік
және аймақтық бағдарламасын іске асыруға қатынасу;
2) туризм инфрақұрылымының объктілеріне жергілікті бюджеттен
гранттар бөлу арқылы туризмде мемлекеттік реттеудің жаңа көзқарасын
қамтамасыз ету.
3) туризмнің материальдық-техникалық базасын жаңартуға және жаңа
құрылыс объектілерін салуды жандандыра түсуге септесу;
4) алуан түрлі сапалы туристік қызметтерде қазақстандық және шетелдік
туристердің қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жағдай жасау;
5) туризм саласында шағын кәсіпкерліктің дамуын қамтамасыз ету және
олардың инвестицияларын тарту;
6) халықтың туризм және оған қызмет көрсету саласына жұмыс істеуін
ынталандыру.
3. Конкурсқа қатысу үшін қойылатын талаптар
6. Мыналар:
1) туристік саланы дамытуға, атап өткенде, туризм инфрақұрылымының
объектілерін ұйымдастыруда белгілі мақсаттары мен міндеттері бар;
2) конкурсқа қатынасушының қызметі облыста бірегей тарихи-табиғи-
мәдени ескерткіштер орналасқан жерлерде туризмнің инфрақұрылымы
маусымды шатырлы және киіз үйлі қалашықтарды, шаңғы базаларды,
кемпингтерді, сондай-ақ спорттық туризм маршруттары - демалыс жайларын,
жағажайларды және т. б. дамытуға бағытталған;
3) конкурсқа қатынасушының қызметі жергілікті халықтың туристік
және қызмет көрсету салаларына қатынасуларын қамтамасыз етуге, ауыл
шаруашылығы мақсатындағы жергілікті өнімдерді өткізуге, кәдейсыйлық
өнімдерді өндіру жөнінде қолөнер кәсібін дамытуға себепші заңды тұлғалар
конкурсқа қатынасушы бола алады.
7. Қатысушылар:
1) осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға арналған
өтінім;
2) тіркелуге тиісті құжаттардың нотариалды куәландырылған
көшірмелері (заңды тұлғаны тіркегені туралы куэлік, статистикалық
карточка, салық төлеушінің тіркеу номері);
3) құрылтайшылардың құрамы туралы құрылтай шартынан алынған
нотариалды куэландырылған үзінді көшірме;
4) қызмет түрлерінің тізбесі бар заңды тұлға жарғысынан алынған үзінді
көшірменің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
5) бухгалтерлік баланс;
6) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер алдында
берешегінің жоқтығы туралы анықтама. Бұл анықтама конкурс туралы
жарияланған күннен бұрынғы айға беріледі.
7) банктің алдында берешегінің жоқтығы туралы анықтама;
8) бизнес-жоба ұсыну конкурсқа қатысу үшін қойылатын міндетті шарт
болып табылады.
8. Бизнес-жоспарда міндетті түрде:
1) кәсіби біліғінің, тәжірибесінің, мәртебесінің бар-жоғын бірінші
басшы растаған конкурсқа қатысушы - ұйым туралы ақпарат;
2) туризмнің инфрақұрылымын дамыту жөніндегі ұйымның
мақсаттары, міндеттері;
3) объектінің орналасқан жері, объектінің қысқаша аңцатпасы;
4) объектіні орналастыру жөніндегі іс-шаралар жоспары;
5) барлық нақты шығындар көрсетілген қажетті қаржы қаражаттары;
6) жобаны жұзеге асырудан күтілетін нәтиже және әлеуметтік көзқарас
көрсетілуі қажет.
9. Конкурстық өтінімдер бағдарлама әкімшісіне: Ақтөбе облысы,
Ақтобе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40, «Облыстық кәсіпкерлікті қолдау
басқармасы», 401 бөлмесі мекенжайы бойынша беріледі.
4. Конкурс өткізу тәртібі мен шарттары
10. Конкурс 2004 жылғы 1 шілдеден 1 тамыз аралығында өткізіледі.
11. Конкурстық құжаттарды және бизнес-жоспарды облыс әкімиятының
қаулысымен бекітілген конкурс комиссиясы қарайды және іріктейді.
12. Комиссия Конкурстың мақсаты мен міндеттеріне толық жауап
беретін бизнес-жобалардыіріктейді.
13. Конкурсқа қатысушыларды тіркеу хабарлама алған күні басталады
және конкурсқа 1 күн қалғанда аяқталады.
14. Конкурстың қатысушысы ретінде тіркеу үшін осы Қағиданың 6-
тармағында айтылған құжаттарды тапсыру қажет.
15. Егер оған кемінде екі қатысушы қатысса конкурс өтті деп
есептеледі.
16. Конкурс жеңімпазын таңцау критерийі:
1) конкурсқа қатысушы қызметінің осы конкурстың мақсаты мен
міндетіне сәйкес келуі;
2) туризм инфрақұрылымының объектілерін құруға бағытталған нақты
мақсаттары мен міндеттерінің болуы;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес
облыста туристік қызметті үйлестіру уәзинасын жұзеге асырушы туризм және
спорт жөніндегі уэкілетті органмен өзара тығыз қарым-қатынасты жүзеге
асыру;
4) жобаны жұзеге асыру жаңадан туристік объктілер ашуға, туристік
маршруттарды орналастыруға, ықтимал клиенттер - казақстандық және
шетелдік туристерді тартуға себепші болады.
17. Комиссияның соңғы шешімі конкурс қорытындысы жөніндегі
хаттамамен ресімделеді, оған комиссия торағасы мен барлық мүшелері қол
қояды.
18. Қосымша мәліметтер алу қажет болған жағдайда, жеңімпазды
анықтау жөніндегі Комиссияның қорытынды шешімі 10 күндік мерзімде
шегерілуі мүмкін.
5. Конкурс қорытындысын шығару
19. Конкурс қорытындысы бойынша «Жергілікті деңгейде шағын
кәсіпкерлікті қолдауды ұйымдастыру» 2720200 бағдарламасы бойынша
жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын үздік бизнес-жоспаранықталады.
20. Конкурс жеңімпазымен «Жергілікті деңгейде шағын кәсіпкерлікгі
қолдауды ұйымдастыру» бағдарламасын орындау ауқымында бірлесіп қызмет
ету туралы шарт жасалады, оған сәйкес жеңімпаз бюджеттен бөлінген
қаржыны қатаңтүрде мақсатты жұмсауға міндеттенеді.
57 № 1 Қосымша
(Кімге)_______________________________________________________________________
(конкурсты ұйымдастырушының атауы)
КОНКУРСҚА ҚАТЫСУ ҮШІН ӨТІНІМ
Мекеме атауы (қатысушының ТАӘ)________________________________________________
_____________________________________________________________________________,
Ақтөбе облысында туризмнің инфрақұрылымын дамыту үшін облыстық бюджеттен грант
алуға конкурс өткізу Қағидасын қарап,_________________________________________
______________________________________________________________________________
(бизнес-жобаның қысқаша сипаттамасы)
______________________________________________________________________________
бизнес-жобаның орындалуын іске асыруды ұсынамын.
Жобаның атауы:
______________________________________________________________________________
Жалпы құны:
______________________________________________________________________________
Қажетті грант сомасы:_________________________________________________________
Меншікті қаражаты:
______________________________________________________________________________
Жобаны игеру уақыты:
______________________________________________________________________________
Өтінімге төмендегі құжаттар тіркеледі:
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
_____________________ _______________________
(қолы) (ТАӘ)
М. Ө. Өтінім берілген уақыты
58 Облыс әкімиятының
2004 жылғы «18» маусымдағы
№ 146 қаулысымен
БЕКІТІЛДІ
Конкурстық комиссия
ҚҰРАМЫ
Юсупова Рашида Әбілсағитқызы
«Ақтөбе облыстық кәсіпкерлікті қолдау
басқармасы» ММ бастығы, комиссия төрағасы
Өмірбекова Сәуле Рәхімқызы
«Ақтөбе облыстық кәсіпкерлікті қолдау басқармасы» ММ бастығының орынбасары
Еңсегенұлы Сағат
«Ақтөбе облысы қаржы департаменті» МК директоры
Ниязмағамбетов Марат Қожабекұлы
«Мемлекеттік-құқықтық
жұмыстар жөніндегі облыстық
басқарма» ММ бастығы
Скендиров Мұратбек Нұрмағамбетұлы
«Облыстық туризм және
спорт басқарма» ММ бастығы