Құжат мәтініне өту

Об утверждении фиксированных тарифов

Бұйрық · № 427 · қабылданған 28.11.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-203773/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении фиксированных тарифов Қолданыста Бұйрық ·№ 427 ·28.11.2024
28.11.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.11.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении фиксированных тарифов

Қолданыста Бұйрық ·№ 427 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении фиксированных тарифов
Атауы (қаз.)
Тіркелген тарифтерді бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
427
Қабылданған күні
28.11.2024
Көрсетілген редакция
28.11.2024 203773_732254.kaz
Соңғы өзгеріс
28.11.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G24JVM00427
ЭКБ идентификаторы
203773
Редакция идентификаторы
203773_732254
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 08:19

0 Тіркелген тарифтерді бекіту туралы

«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 7-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндіретін электр энергиясын беруге арналған тіркелген тарифтер бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1

1) осы бұйрық қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндіретін электр энергиясын беруге арналған тіркелген тарифтер

Қазақстан Республикасы
Энергетика Министрінің
2024 жылғы « »
№ бұйрығымен
бекітілген
Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндіретін электр энергиясын беруге арналған тіркелген тарифтер
Р/с №
Электр энергиясын алу үшін пайдаланылатын жаңартылатын энергия көздерінің технологиясы
Тариф мөлшері, теңге/ кВтсағ. (ҚҚС-сыз)
1
Жел энергиясын түрлендіру үшін қуаты 100 МВт «Астана ЕХРО-2017» жел электр станциясының жобасы үшін тіркелген тарифті қоспағанда, жел электр станциялары
22,68
2
Жел энергиясын түрлендіру үшін қуаты 100 МВт «Астана ЕХРО-2017» жел электр станциясы
59,7
3
Қазақстандық кремний (Kaz PV) негізінде күн сәулесінің энергиясын түрлендіру үшін фотоэлектрлік модульдерді пайдаланатын күн электр станцияларының жобаларына арналған тіркелген тарифті қоспағанда, күн энергиясын фотоэлектрлік түрлендіргіштер
34,61
4
Гидродинамикалық су энергиясын пайдаланатын гидроэлектр станциялары
41, 23
5
Биогаз қондырғылары
32,23

Қолданыстағы