О внесении дополнений в некоторые приказы Министра юстиции Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в некоторые приказы Министра юстиции Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1015
- Қабылданған күні
- 10.12.2024
- Көрсетілген редакция
- 10.12.2024 203973_733372.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.12.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400035471
- ЭКБ идентификаторы
- 203973
- Редакция идентификаторы
- 203973_733372
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 07:59
0 Қазақстан Республикасы Әділет министрінің
кейбір бұйрықтарына толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына қоса беріліп отырған толықтырулар енгізу тізбесі бекітілсін.
2 2. Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Қазақстан Республикасы Әділет министрінің толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2024 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 1015
Бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің толықтырулар енгізілетін
кейбір бұйрықтарының тізбесі
1
1. «Cот сараптамаларының күрделілік санаттарын айқындау қағидаларын, сот сараптамаларының күрделілік санаттарына қарай оларды жүргізу мерзімдерін есептеу тәртібін, сондай-ақ сот сараптамаларын жүргізуді тоқтата тұрудың және мерзімін ұзартудың негіздері мен тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 303 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14961 болып тіркелді) мынадай толықтыру енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Cот сараптамаларының күрделілік санаттарын айқындау қағидалары, сот сараптамаларының күрделілік санаттарына қарай оларды жүргізу мерзімдерін есептеу тәртібі, сондай-ақ сот сараптамаларын жүргізуді тоқтата тұрудың және мерзімін ұзартудың негіздері мен тәртібінде:
қосымша мынадай мазмұндағы 30-тармақпен толықтырылсын:
«30. Зияткерлік меншік объектілерінің сот сараптамасы
31.1 Дараландыру құралдарының белгіленуін сот-сараптамалық зерттеу
1) күрделілігі орташа дәрежедегі:
ауызша белгілеудің басым элементтерін анықтау;
3 элементтен аспайтын бейнелеу белгілерінің басым элементтерін анықтау;
2) күрделі:
4 және одан да көп элементтен тұратын бейнелеу белгілерінің басым элементтерін анықтау;
құрамдастырылған белгілердің басым элементтерін анықтау;
5 графемадан аспайтын немесе 3 таңбадан аспайтын араластыру дәрежесіне дейінгі ұқсастық тұрғысынан ауызша белгілеулерді зерттеу;
5 элементтен аспайтын араластыру дәрежесіне дейінгі ұқсастық тұрғысынан әріптік және цифрлық белгілеулерді зерттеу;
3 элементтен аспайтын араластыру дәрежесіне ұқсастық тұрғысынан бейнелеу белгілеулерін зерттеу;
3) аса күрделі:
сирек кездесетін даралау құралдарын зерттеу (голографиялық; дыбыстық; иіс сезу; өзгеретін (оның ішінде қозғалатын;) позициялық; жарық; түс және басқалар);
6 және одан да көп графемадан (әріптен) немесе 4 және одан да көп белгілерден (иероглифтерден) тұратын араласу дәрежесіне ұқсастық тұрғысынан ауызша белгілеулерді зерттеу;
6 және одан да көп элементтен (графемалар, сандар және сол сияқтылар) тұратын араластыру дәрежесіне ұқсастық тұрғысынан әріптік және цифрлық белгілеулерді зерттеу;
4 және одан да көп элементтен тұратын араластыру дәрежесіне ұқсастық тұрғысынан бейнелеу белгілеулерін зерттеу;
құрамдастырылған белгілердің араластыру дәрежесіне дейін ұқсастығын зерттеу.».
2
2. «Сот сараптамасын жүргізуге арналған арнайы жарақтандырылған үй-жайларға қойылатын стандарттар мен талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 28 наурыздағы № 310 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14972 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
Сот сараптамасын жүргізуге арналған арнайы жарақтандырылған үй-жайлардың стандарттары мен талаптарына 1-қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 42-1-жолмен толықтырылсын:
«
42-1
Зияткерлік меншік объектілерінің сот сараптамасы
м2
23,2
»;
Сот сараптамасын жүргізуге арналған арнайы жарақтандырылған үй-жайлардың стандарттары мен талаптарына 4-қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 23-жолмен толықтырылсын:
«
23
Зияткерлік меншік объектілерінің сот сараптамасы
Дараландыру құралдарының белгіленуін сот-сараптамалық зерттеу
1. Дербес компьютер жиынтықта
2. 10х дейін үлкейткіш әйнек
3. Сандық камера
4. Сейф
5. Металл өлшеу сызғыштары 150мм, 300мм, 500мм.
».
3 3. «Сот сараптамасы органдары сот сарапшыларының жүктемелері нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 327 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14985 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сот сараптамасы органдары сот сарапшыларының жүктемелері нормативтерінде 1-қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 23-жолмен толықтырылсын:
«
23
Зияткерлік меншік объектілерінің сот сараптамасы
2
1
1
».