Құжат мәтініне өту

Об определении и утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов на территории города Курчатов

Қаулы · № 225 · қабылданған 09.12.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-204134/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об определении и утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов на территории города Курчатов Қолданыста Қаулы ·№ 225 ·09.12.2024
09.12.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.12.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении и утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов на территории города Курчатов

Қолданыста Қаулы ·№ 225 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении и утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов на территории города Курчатов
Атауы (қаз.)
Курчатов қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
225
Қабылданған күні
09.12.2024
Көрсетілген редакция
09.12.2024 204134_733664.kaz
Соңғы өзгеріс
09.12.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V24FB038718
ЭКБ идентификаторы
204134
Редакция идентификаторы
204134_733664
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 08:01

0 Курчатов қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Абай облысы Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының 1 - қосымшасына сәйкес, Курчатов қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.

2 2. Осы қаулының 2 - қосымшасына сәйкес, Курчатов қаласы әкімдігінің қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы Курчатов қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Курчатов қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Курчатов қаласы әкімдігінің
2024 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 225 Қаулысына
1 қосымша
Курчатов қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Нақты
орналасу орны
Алатын алаңы (шаршы метр)
Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі (жыл)
Қызмет
саласы
Жақын орналасқан инфрақұрылым (тауарлардың ұқсас ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)
1
Абая көшесі, 31 үйіне қарама-қарсы
20
5
Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар
«Ғалия» дүкеніне қарама-қарсы, № 3 сорғы станциясының жанында
2
Абай көшесі, 46 тұрғын үйдің арты
120
5
Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар
«Амир», «Дүкен 51» дүкендерінен 20 метр
3
Абай көшесі бойындағы, 22 - үйге қарама-қарсы
400
5
Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар
«Халық банкі» АҚ филиалы мен Абай атындағы саябақ арасында
4
Железнодорожная көшесі, № 6 теміржол вокзалы ғимаратына қарама-қарсы
4
5
Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар
Азық-түлік дүкені

6 Курчатов қаласы әкімдігінің күшін жойылған қаулыларының тізбесі

Курчатов қаласы әкімдігінің
2024 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 225 Қаулысына
2 қосымша
Курчатов қаласы әкімдігінің күшін жойылған қаулыларының тізбесі

1

1. Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімдігінің 2020 жылғы 27 тамыздағы № 346 «Курчатов қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7503 болып тіркелген);

2

2. Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімдігінің 2022 жылғы 12 мамырдағы № 58 «Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 27 тамыздағы № 346 «Курчатов қаласының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28117 болып тіркелген).

Қолданыстағы