Құжат мәтініне өту

Об утверждении правил проведения раздельных сходов местного сообщества в Сырдарьинском районе

Ереже · № 151 · қабылданған 12.12.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-204159/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении правил проведения раздельных сходов местного сообщества в Сырдарьинском районе Қолданыста Ереже ·№ 151 ·12.12.2024
12.12.2024 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.12.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении правил проведения раздельных сходов местного сообщества в Сырдарьинском районе

Қолданыста Ереже ·№ 151 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении правил проведения раздельных сходов местного сообщества в Сырдарьинском районе
Атауы (қаз.)
Сырдария ауданында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидасын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
151
Қабылданған күні
12.12.2024
Көрсетілген редакция
12.12.2024 204159_733523.kaz
Соңғы өзгеріс
12.12.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G24LH00151M
ЭКБ идентификаторы
204159
Редакция идентификаторы
204159_733523
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 07:55

0 Сырдария ауданында жергілікті қоғамдастықтың бөлек

жиындарын өткізудің қағидасын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 бұйрығына сәйкес Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Сырдария ауданында жергiлiктi қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.

2 2. Сырдария аудандық мәслихатының 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 222 «Сырдария ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгеріcтер енгізу туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы №119 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң колданыска енгiзiледi.

4 Сырдария аудандық мәслихатының

2024 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 151 шешіміне қосымша
Сырдария ауданында жергiлiктi қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидасы

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Сырдария ауданында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және кент пен ауылдық округ тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібін белгілейді.

2 2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны – кент, ауылдық округ көше тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы;

2 2) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы.

2 2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі

3 3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін кенттің, ауылдық округтің аумағы учаскелерге (көшелер) бөлінеді.

4 4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

5 5. Кенттің және ауылдық округтің әкімі көше шегінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын шақырады және өткізуді ұйымдастырады.

Көше шегінде көппәтерлі үйлер болған кезде көппәтерлі үйдің бөлек жиындары жүргізілмейді.

6

6. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы жергілікті қоғамдастықтың халқын кенттің, ауылдық округтің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді.

7 7. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ашудың алдында тиісті көшенің қатысып отырған тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

Кәмелетке толмағандардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдардың жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысуына жол берілмейді.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы көшеде тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

8 8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын кенттің, ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

Кенттің, ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.

9 9. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін кенттегі көше тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бір адамды құрайды.

Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдық округтердегі көше тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы үш адамды құрайды.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көше өкілдерінің кандидатураларын сандық құрамға сәйкес жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының қатысушылары ұсынады.

10 10. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп дауысын жинаған кандидаттар сайланды деп есептеледі.

Егер жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында дауыс беру кезінде қатысушылардың дауыстары тең бөлінген жағдайда, бөлек жиынның төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.

11 11. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасына төраға мен хатшы қол қояды және бөлек жиын өткізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жиын хатшысы тіркеу үшін тиісті кент және ауылдық округ әкімінің аппаратына береді.

Жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында хаттама жүргізіледі, онда:

1 1) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының өткізілген күні мен орны;

2 2) тиісті аумақта тұратын және жергілікті қоғамдастық жиынына немесе жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны;

3 3) қатысушылардың саны және олардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілген тізім;

4 4) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);

5 5) күн тәртібі, сөйленген сөздердің мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.

Қолданыстағы