О некоторых вопросах Министерства внутренних дел Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах Министерства внутренних дел Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1066
- Қабылданған күні
- 18.12.2024
- Қолданысқа енгізілген күні
- 18.12.2024
- Көрсетілген редакция
- 18.12.2024 204226_734957.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.12.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2400001066
- ЭКБ идентификаторы
- 204226
- Редакция идентификаторы
- 204226_734957
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 07:47
0 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Астана қаласының полиция департаменті «Сарайшық» ауданының полиция басқармасы» мемлекеттік мекемесi құрылсын.
2 2. Көрсетілген мемлекеттік мекемені қаржыландыру Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігін ұстауға республикалық бюджетте және жергілікті бюджетте көзделген қаражат есебінен және оның шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
3 3. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлiгі туралы ережеде:
Министрліктің қарамағындағы аумақтық органдардың және оның ведомстволары аумақтық бөлiмшелерiнің тiзбесiнде:
«1. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі» деген бөлімде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-2-жолмен толықтырылсын:
«21-2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Астана қаласының полиция департаменті «Сарайшық» ауданының полиция басқармасы.»;
реттік нөмірі 227-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«227. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Түркістан облысының полиция департаменті Сарыағаш ауданының полиция басқармасы.».