Об установлении публичного сервитута
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении публичного сервитута
- Атауы (қаз.)
- Қауымдық сервитут белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 493
- Қабылданған күні
- 19.12.2024
- Көрсетілген редакция
- 19.12.2024 204373_734351.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.12.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24UH00493A
- ЭКБ идентификаторы
- 204373
- Редакция идентификаторы
- 204373_734351
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 07:44
0 Қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17 бабының 5-1) тармақшасына және 69 бабының 4 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағы 10) тармақшасына сәйкес, Ордабасы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесіне «Шымкент» қосалқы станциясынан «Бадам» қосалқы станциясына дейінгі ВЛ-220 кВ әуе электр желісінің құрылысы үшін Бадам ауыл округіне қарасты жерлерден 15,483 гектар және Бөржар ауыл округіне қарасты 14,109 га жер учаскелері жердің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан, жер учаскелеріне уақытша өтеусіз қысқа 5 (бес) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.