Об установлении льгот на транспортные услуги, включая право на бесплатный проезд на городском общественном транспорте (кроме такси) города Павлодара
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении льгот на транспортные услуги, включая право на бесплатный проезд на городском общественном транспорте (кроме такси) города Павлодара
- Атауы (қаз.)
- Павлодар қаласының қалалық қоғамдық көлігінде (таксиден басқа) тегін жол жүру құқығын қоса алғанда, көлік қызметтеріне жеңілдіктер белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1722/2
- Қабылданған күні
- 18.12.2024
- Көрсетілген редакция
- 18.03.2026 204381_821191.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.03.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24PA762514
- ЭКБ идентификаторы
- 204381
- Редакция идентификаторы
- 204381_821191
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 07:49
0 Павлодар қаласының қалалық қоғамдық көлігінде (таксиден басқа) тегін жол жүру құқығын қоса алғанда, көлік қызметтеріне жеңілдіктер белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 56-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Заңының 13-бабына, Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 20-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 және 31-баптарына сәйкес, Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Әлеуметтік көлік картасы немесе жеңілдік құқығын растайтын құжат болған жағдайда, меншіктің барлық нысандарындағы (таксиден басқа) тұрақты қалалық қоғамдық көлікте Павлодар қаласы азаматтарының келесі санаттарына тегін жол жүру белгіленсін:
1) Ұлы Отан соғысы кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектігі бар тұлғаларға және Ұлы Отан соғысының қатысушыларына;
2) «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен марапатталған азаматтарға;
3) Екінші дүниежүзілік соғыс кезіңінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердегі, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының кәмелетке толмаған тұтқындарына;
4) Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысқан тұлғаларға;
5) Ауғанстандағы ұрыс қимылдары кезеңінде жаралану, контузия алу, зақымдану, ауруға шалдығу салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына;
6) бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына;
7) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдары ардагерлеріне;
8) еріп жүру кезінде еріп жүруші тұлғамен жүретін бірінші топтағы мүгедектігі бар тұлғаларға;
9) екінші топтағы мүгедектігі бар тұлғаларға;
10) еріп жүру кезінде еріп жүруші тұлғамен жүретін он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға;
11) он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалардың ата-аналарының біреуіне немесе қамқоршыларының біреуіне;
12) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі жетім балаларға;
13) жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі балаларға;
14) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға жататын отбасылардан шыққан жиырма үш жасқа дейінгі күндізгі оқу нысанындағы колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттеріне;
15) төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар отбасылардан шыққан күндізгі оқу нысанындағы колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттеріне (оның ішінде олар он сегіз жасқа толғаннан кейінде орындарын бітірген уақытқа дейін);
16) төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар (оның ішінде колледждер мен жоғары оқу орындарында оқитын, олардың он сегіз жасқа толғаннан кейін оқу орындарын бітірген уақытқа дейін) көп балалы аналарға (немесе әкелерге), «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға, балалардың жастарына қарамастан бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы аналарына: барлық дәрежедегі «Ана медалі» медалімен, барлық дәрежедегі «Ана даңқы» орденімен марапатталған аналарға, батыр аналарға;