Об утверждении Правил использования средств резерва Восточно-Казахстанского областного акимата Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.05.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шығыс Қазақстан облысы әкімияты резервіінің қаражаттарын пайдалану ережесін бекіту туралы "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1-сәуірдегі N 357-1 Заңына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Шығыс Қазақстан облысы әкімияты резервінің қаражаттарын пайдалану ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. "Жергілікті атқарушы органдардың резерв қаражаттарын пайдаланудың ережесін бекіту туралы"»Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының 2002 жылғы 18-ақпандағы N 85, 2002 жылғы 6 наурыздағы тіркеу N 724 қаулысының күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 3
3. Облыс қалалары мен аудандарының жергілікті атқарушы органдары Жергілікті атқарушы органдардың қаражаттарын пайдалану ережесін әзірлеп, бекітсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің бірінші орынбасары Ю.П. Швайченкоға жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 6. Шығыс Қазақстан облысы әкімияты резервінің қаражаттарын пайдалану ережесі
Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының 2004 жылғы 5 мамырдағы N 455 қаулысымен бекітілген Шығыс Қазақстан облысы әкімияты резервінің қаражаттарын пайдалану ережесі Осы Ереже Шығыс Қазақстан облысы әкімияты резервінің қаражаттарын бөлу және пайдалану тәртібін анықтайды.
Тарау 1. 1. Жалпы ұғымдар
1. Жалпы ұғымдар
Тармақ 1
1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының резерві - тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджетте көзделген және Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының қаулысы бойынша біржолғы сипаттағы күтпеген шығыстарды қаржыландыруға арналған қаражаттар;
Тармақша 2
2) күтпеген шығыстар - бюджетті қалыптастыру кезінде оларды күтпегендіктен жоспарлауға келмейтін және ағымдағы жылы кідіріссіз қаржыландыруды талап ететін шығыстар;
Тармақша 3
3) облыстың жергілікті атқарушы органының, облыстық басқармалар мен департаменттердің міндеттемелерін өтеуге арналған Шығыс Қазақстан облысы әкімияты резервінің құрамындағы қаражаттар - Шығыс Қазақстан облысы әкімияты резервінің құрамында қарастырылған және соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді өтеу үшін облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне бөлінетін қаражаттар.
Тармақша 4
4) төмен тұрған бюджеттерге кредит беру үшiн арнайы резерв - қаржы жылы ішінде ағымдағы түciмдермен және жергiлiктi бюджет тапшылығын қаржыландырумен қамтамасыз етілмеген жергiлiктi бюджеттердiң бекiтiлген шығыстарын қаржыландыруға арналған, төмен тұрған бюджеттерге қайтарымды негiзде бөлiнетiн Шығыс Қазақстан облысы әкімияты резервінің құрамында қарастырылған қаражаттар;
Тармақша 5
5) уәкілетті орган - Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы;
Тармақша 6
6) Шығыс Қазақстан облысы әкімияты резервінің қаражаттарын алушы - облыстық бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсi немесе қала, аудан әкiмi.
Тармақ 2
2. Шығыс Қазақстан облысы әкімияты резервінің қаражаттары есебiнен қаржыландырылатын бiржолғы сипаттағы күтпеген шығыстарға мына іс-шаралар жатады:
Тармақша 1
1) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою, оған жататындар: төтенше жағдайдың пайда болуы салдарынан зардап шеккендерге материалдық көмек көрсету; зардап шеккендер үшiн тұруға және тамақтануға уақытша пункттер ашу және ұстау; шұғыл әрекет етудiң апаттық-қалпына келтiру бөлiмшелерiн құтқарудың техникалық құралдарымен, жабдықтармен керек-жарақтармен қосымша жарақтау; төтенше жағдайлар аймағына күш пен құралдарды жеткiзудi қамтамасыз ету; төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнінде қауырт, өмірлік маңызы бар және қорғау іс-шараларын жүргізу;
Тармақша 2
2) соттардың шешiмдерi бойынша Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстық басқармалар мен департаменттердің, қалалар мен аудандардың атқарушы органдарының мiндеттемелерiн өтеу;
Тармақша 3
3) кассалық алшақтықты жабуға төмен тұрған бюджеттерге кредит беру;
Тармақша 4
4) облыстық бюджетті қалыптастыру кезінде оларды күтпегендіктен жоспарлауға келмейтін және ағымдағы жылы кідіріссіз қаржыландыруды талап ететін өзге де күтпеген шығыстар.
Тарау 2. 2. Шығыс Қазақстан облысы әкімияты резервінің қаражаттарын бөлу және пайдалану тәртiбi
2. Шығыс Қазақстан облысы әкімияты резервінің қаражаттарын бөлу және пайдалану тәртiбi
Тармақ 3
3. Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының резервiнен қаражаттар бөлудi Шығыс Қазақстан облысы әкiмияты қаулысының негiзiнде, тиісті қаржы жылында осы мақсаттарға арналған облыстық бюджет шығыстары мен кредит берудің құрамында бекітілген мөлшердің шегінде өкілетті орган жүзеге асырады, онда алушы, бөлiнетiн қаражаттардың көлемi, оларды пайдаланудың мақсаты, сондай-ақ қайтарымды негiзде қаражат бөлінетін жағдайда оларды беру шарты және қайтару мерзiмi көрсетiледi.
Тармақ 4
4. Шығыс Қазақстан облысы әкімияты резервінің қаражаттары қатаң мақсатқа белгіленеді және оны осы ережеде көзделмеген мүдделерге пайдалануға болмайды.
Тармақ 5
5. Қаражаттар бөлу туралы Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының қаулыларын әзiрлегенде мына шарттарды ескеру қажет:
Тармақша 1
1) облыстық бюджетте ағымдағы қаржылану жылы қаражаттың болмауы;
Тармақша 2
2) Шығыс Қазақстан облысы әкімияты резервінің қаражаттарына қажеттіліктің ағымдағы жылы туындауы және оған қажеттілік алушының жергілікті атқарушы органы мен облыстық басқармалар мен департаменттердің сот шешімдері бойынша міндеттемелерін өтеуден басқа бұрынғы міндеттемелеріне байланысты еместігі.
Тармақ 6
6. Қаражаттар бөлу туралы Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының қаулылары, жыл өткен соң қаржыландыру сомасына қарамастан күшiн жояды, тек қайтарымды негiзде қаражаттар бөлу туралы шешiмдердің қаржыландыру сомасы толық өтелгенге дейiн күші сақталады.
Тармақ 7
7. Шығыс Қазақстан облысы әкімияты резервінің пайдаланылмаған немесе мақсатсыз пайдаланылған қаражаттары облыстық бюджетке қайтарылуы тиіс.
Тарау 3. 3. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға қаражаттар бөлу
3. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға қаражаттар бөлу
Тармақ 8
8. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар пайда болған жағдайда Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының резервінен қаражаттар бөлу туралы облыстық басқармалар мен департаменттердің, қалалар мен аудандар әкімдерінің қолдаухаттарды облыстық төтенше жағдайлар жөнiндегi басқарма қарайды.
Тармақ 9
9. Негізделген материалдарды ұсыну тәртібі мен олардың тізбесін облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма анықтайды.
Тармақ 10
10. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою қажет болған жағдайда облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма заңнамада белгіленген тәртіп бойынша Шығыс Қазақстан облысының әкімиятына төтенше жағдайларды жою үшін қаражаттар бөлу туралы қаулының жобасын ұсынады.
Тарау 4. 4. Сот шешiмдерi бойынша міндеттемелерді өтеуге қаражаттар бөлу
4. Сот шешiмдерi бойынша міндеттемелерді өтеуге қаражаттар бөлу
Тармақ 11
11. Шығыс Қазақстан облысы әкімияты резервінің есебiнен сот шешiмдерi бойынша мiндеттемелердi өтеу соттың атқару құжаттары негiзiнде қамтамасыз етiледi. Сот шешімдері бойынша төлемдерді жүргізуге міндетті облыстық басқармалар мен департаменттер, қолданыстағы заңнамаларда көзделген негіздер бар болса, онда барлық соттар инстанцияларына аталған сот актілерін шағымдануға тиіс. Облыстық басқармалар мен департаменттер уәкілетті органға шағымдалған сот актілерінің көшірмелерін ұсынулары тиіс. Облыстық басқармалар мен департаменттер өздерінің құқыққа сай емес қабылдаған актілері, сондай-ақ өздерінің лауазымдық тұлғаларының әкімшілік басқару саласындағы құқыққа сай емес әрекеттері үшін «қызметті қамтамасыз ету»бағдарламасы бойынша бөлінген ақшалармен жауап береді.
Тармақ 12
12. Сот шешімдері бойынша қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдарының мiндеттемелерiн өтеу үшін Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының резерві есебінен тиісті бюджеттерде сот шешімдері бойынша мiндеттемелерiн өтеуге қаражаттардың жетіспеуі кезінде беріледі.
Тармақ 13
13. Сот шешімдері бойынша облыстық басқармалар мен департаменттердің мiндеттемелерін өтеуге резервтен қаражаттар бөлу туралы Шығыс Қазақстан облысы әкімияты қаулысының жобасын заңнамалармен белгіленген тәртіпте тиісті мемлекеттік орган дайындайды.
Тармақ 14
14. Қалалар мен аудандар әкiмдерiнiң қолдаухаттарының оң қорытындысы шығарылған жағдайда, Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының резервінен қаражаттар бөлу туралы Шығыс Қазақстан облысы әкімиятына қаулының жобасын заңнамалармен белгіленген тәртіпте уәкілетті орган дайындайды.
Тарау 5. 5. Төмен тұрған бюджеттерге кредит беру үшiн арнайы резервтен қаражаттар бөлу және пайдалану
5. Төмен тұрған бюджеттерге кредит беру үшiн арнайы резервтен қаражаттар бөлу және пайдалану
Тармақ 15
15. Төмен тұрған бюджеттерге кредит беру үшiн арнайы резервтен қаражаттар бөлу үшiн қала және аудан әкiмдерi тиiстi негiздемелермен және есептермен уәкілетті органға Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының резервiнен қаражаттар бөлу туралы қолдаухаттар ұсынады.
Тармақ 16
16. Уәкілетті орган ұсынылған қолдаухат, сондай-ақ төмен тұрған бюджеттерге бұрын берiлген кредит туралы мәлiметтер негiзiнде төмен тұрған бюджеттерге кредит беру үшiн қаражаттар бөлудiң мүмкiндiгi немесе мүмкiн еместiгi туралы қорытынды шығарады. Қаражаттар бөлу үшiн мiндеттi шарттар мыналар:
Тармақша 1
1) облыстық бюджетте ағымдағы қаржы жылында қалалар мен аудандар бюджеттерiне кредит беруге көзделген соманың болуы;
Тармақша 2
2) бөлiнген қаражаттарды жергiлiктi өкiлеттi органдардың шешiмдерiмен бекiтiлген, белгiлi бір есеп берiп отырған кезең үшін жергiлiктi бюджетке ағымдағы түciмдермен және жергiлiктi бюджеттердiң тапшылықтарын қаржыландырумен қамтамасыз етілмеген жергiлiктi бюджеттердiң шығыстарын қаржыландыруға жолдау;
Тармақша 3
3) облыстық бюджеттен бұрын бөлiнген кредит бойынша жергiлiктi атқарушы органдардың мерзiмi өткен берешектерiнің болмауы;
Тармақ 17
17. Қалалар мен аудандар әкiмдерiнiң қолдаухаттары бойынша оң қорытынды болған жағдайда, уәкілетті орган төмен тұрған бюджеттерге кредит беру үшін Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының арнайы резервінен ақша бөлу жөнiнде керi қайтару шарты мен мерзiмiн көрсете отырып, Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының қарауына облыс әкімияты қаулысының жобасын ұсынады.
Тарау 6. 6. Өзге де күтпеген шығыстарға қаражаттар бөлу
6. Өзге де күтпеген шығыстарға қаражаттар бөлу
Тармақ 18
18. Өзге де күтпеген шығыстарға Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының резервінен қаражаттар бөлу үшін облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, қалалар мен аудандардың әкімдері уәкілетті органға тиісті негіздемелерімен бірге қаражаттар бөлу туралы қолдаухат ұсынуы тиіс.
Тармақ 19
19. Уәкілетті орган ұсынылған қолдаухат негiзiнде Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының резервінен қаражаттар бөлудiң мүмкiндiгi немесе мүмкiн еместiгi туралы қорытынды шығарады.
Тармақ 20
20. Облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қолдаухаты бойынша оң қорытынды шығарылған жағдайда Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының резервінен қаражаттар бөлу туралы Шығыс Қазақстан облысы әкімияты қаулысының жобасын заңнамада белгіленген тәртіпте сол облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі дайындайды.
Тармақ 21
21. Қалалар мен аудандар әкімдерінің қолдаухаты бойынша оң қорытынды шығарылған жағдайда Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының резервінен қаражаттар бөлу туралы Шығыс Қазақстан облысы әкімияты қаулысының жобасын заңнамада белгіленген тәртіпте уәкілетті орган дайындайды.
Тарау 7. 7. Бақылау және есептілік
7. Бақылау және есептілік
Тармақ 22
22. Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының резервінен бөлінген қаражаттарды алушылар олардың пайдаланылуы, орындалған жұмыстардың көлемі мен құны туралы есеп берулері тиіс.
Тармақ 23
23. Уәкілетті орган облыс әкіміне ай сайын тиiстi кезеңдегі резерв қаражаттарының бағыты мен қалдығы туралы ақпарат ұсынып отырады.
Тармақ 24
24. Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының резервінен бөлінген қаражаттардың мақсатсыз пайдаланылғаны үшін алушы Қазақстан Республикасының заңнамасы белгіленген тәртіпте жауапкершілікте болады.