Құжат мәтініне өту

Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Кармакшинском районе

Өзге акт · № 224 · қабылданған 12.12.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-204487/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Кармакшинском районе Қолданыста Өзге акт ·№ 224 ·12.12.2024
12.12.2024 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.12.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Кармакшинском районе

Қолданыста Өзге акт ·№ 224 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Кармакшинском районе
Атауы (қаз.)
Қармақшы ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
224
Қабылданған күні
12.12.2024
Көрсетілген редакция
12.12.2024 204487_734585.kaz
Соңғы өзгеріс
12.12.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V24LE857111
ЭКБ идентификаторы
204487
Редакция идентификаторы
204487_734585
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 07:55

0 Қармақшы ауданында тұрғын үй көмегін көрсету

мөлшері мен тәртібін айқындау туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабының 5-тармағына және «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) сәйкес, Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қармақшы ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2 2. Қармақшы аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

1 1) «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Қармақшы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 323 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7409 болып тіркелген);

2

2) ««Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Қармақшы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 323 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Қармақшы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 421 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8098 болып тіркелген).

3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

6 Қармақшы аудандық мәслихатының

2024 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 224
шешіміне қосымша
Қармақшы ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі

1

1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалғыз тұрғынжай ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған Қармақшы ауданындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі – алушы), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Алушының тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.

2

2. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер алушының жиынтық кірісін «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен «Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрі – уәкілетті орган) есептейді.

3 3. Алушының жиынтық табысына шекті жол берілетін шығыстар деңгейі 10 (он) пайыз мөлшерінде белгіленеді.

4 4. Тұрғын үй көмегін алушылар үшін кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге арналған шығыстары кондоминиум объектісінің жалпы алаңы ішінде алушының жеке меншік көлеміне байланысты айқындалады.

5

5. Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
Тұрғын үй көмегі келесі нормалар бойынша есептеледі:

1 1) электр қуатын тұтыну нормалары 1 айға:

1 адамға - 70 киловатт;
2 адамға - 140 киловатт;
3 және одан да көп адамға - 210 киловатт;

2 2) газ тұтыну нормалары 1 айға:

4 адамға дейін - 10 килограмм;
4 және одан да көп адамға - 20 килограмм;
табиғи газ:
4 адамға дейін - 10 текше метр;
4 және одан да көп адамға – 20 текше метр;

3 3) отын тұтыну (көмір) жылу беру маусымына:

отбасына (азаматқа) айына – 1 тонна;
табиғи газ жылу беру маусымына (әр айға) – 500 текше метр;

4 4) тұрғын үйді күтіп ұстау ай сайын:

1 адамға - 18 шаршы метр;
жалғызілікті зейнеткерлер және барлық топтағы мүгедектігі бар жалғызілікті адамдар үшін - 30 шаршы метр;

5 5) жылумен жабдықтау ай сайын:

1 адамға - 18 шаршы метр;
жалғызілікті зейнеткерлер және барлық топтағы мүгедектігі бар жалғызілікті адамдар үшін- 30 шаршы метр.
Коммуналдық қызметтердi есептейтiн құралдары бар тұтынушылардың әлеуметтiк нормасын есептеу кезiнде есептегiштер көрсеткiштерiндегi нақты шығындар, бiрақ белгiленген тарифтер мен нормативтерден артық емес қолданылады.
Коммуналдық қызметтерді тұтыну төлемінің нормалары мен тарифтерін қызмет көрсететіндер ұсынады.

6 6. Тұрғын үй көмегін алушылар өздерiнiң тұрғын үйге меншiк нысанындағы, отбасы құрамының, оның жиынтық табысындағы кез келген өзгерiстерi туралы уәкiлеттi органға 10 (он) жұмыс күнi iшiнде хабарлайды, көрсетілген мәліметтердің дұрыстығы үшін заңнамада белгіленген тәртіппен жауапты болады.

7 7. Тұрғын үй көмегін тағайындауға әкеп соққан толық емес немесе жалған мәлімет ұсынылған кезде, тұрғын үй көмегін төлеу тоқтатылады, ал артық немесе негізсіз алынған сомаларын алушымен ерікті тәртіппен, ал бас тартқан жағдайда заңнамада белгіленген тәртіппен қайтаруға тиіс.

8 8. Уәкілетті орган артық немесе негізсіз төленген тұрғын үй көмегін төлеу фактісі анықталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде алушыға артық төленген немесе негізсіз төленген тұрғын үй көмегін қайтару қажеттілігі туралы жазбаша хабарлама жібереді.

9 9. Тұрғын үй көмегін көрсетуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру Қармақшы аудандық бюджетінен ағымдағы қаржылық жылға қарастырылған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

10

10. Тұрғын үй көмегін төлеу уәкілетті органмен екінші деңгейдегі банктер арқылы, сондай-ақ банк қызметінің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы есептелген сомаларды алушылардың жеке шоттарына шешім қабылданған айдан кейінгі айдың 25-күніне дейінгі мерзімде аудару арқылы жүзеге асырылады.

Қолданыстағы