Об определении и утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов на территории Карасайского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении и утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов на территории Карасайского района
- Атауы (қаз.)
- Қарасай ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 635
- Қабылданған күні
- 12.12.2024
- Көрсетілген редакция
- 12.12.2024 204514_734627.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.12.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24DK619505
- ЭКБ идентификаторы
- 204514
- Редакция идентификаторы
- 204514_734627
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 07:55
0 Қарасай ауданының аумағында стационарлық емес
сауда объектілерін орналастыру орындарын
айқындау және бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Қарасай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қарасай ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын және бекітілсін.
2 2. Қарасай ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 25 қазандағы «Қарасай ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» № 448 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25050 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Әкімдіктің 2024 жылғы
12 желтоқсандағы № 635
қаулысына қосымша
Қарасай ауданының аумағында стационарлық емес
сауда объектілерін орналастыру орындары
№
Стационарлық емес сауда объектілерінің орналасқан орны
Алып жатқан алаңы, шаршы метр
Қызмет саласы
Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі, жыл
Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)
1
Қаскелең қаласы, Қаскелең – Шамалған тас жолының
8 шақырымындағы айналмалы автомобиль жолының бойында, «Айзере» қонақ үй кешеніне қарама-қарсы
600
Бөлшек сауда (ауыл шаруашылық өнімдерін сату)
5
«Айзере» қонақ үй кешені
2
Елтай ауылдық округі, Береке ауылы, Жібек жолы – Алматы тас жолының 19 шақырымындағы автомобиль жолының бойында, «Ботагөз» дүкеніне қарама-қарсы
600
Бөлшек сауда (ауыл шаруашылық өнімдерін сату)
5
«Ботагөз» дүкені