Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в некоторые приказы Председателя Агентства таможенного контроля Республики Казахстан по вопросу таможенного оформления

Бұйрық · № 261 · қабылданған 09.06.2004
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-20453/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении дополнений в некоторые приказы Председателя Агентства таможенного контроля Республики Казахстан по вопросу таможенного оформления Күшін жойған Бұйрық ·№ 261 ·09.06.2004
01.01.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в некоторые приказы Председателя Агентства таможенного контроля Республики Казахстан по вопросу таможенного оформления

Күшін жойған Бұйрық ·№ 261 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в некоторые приказы Председателя Агентства таможенного контроля Республики Казахстан по вопросу таможенного оформления
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына кедендік ресімдеу мәселесі жөнінде толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
261
Қабылданған күні
09.06.2004
Көрсетілген редакция
01.01.2011 AI20453_4.kaz
Соңғы өзгеріс
01.01.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V040002939_
ЭКБ идентификаторы
20453
Редакция идентификаторы
AI20453_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 20:01

0 Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына кедендік ресімдеу мәселесі жөнінде толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 360 және 379-баптарына сәйкес, кедендік ресімдеуді жетілдіру мақсатында Бұйырамын:

1 1. Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына мынадай толықтырулар енгізілсін:

1 1)

2

2) "Тауарлар мен көлік құралдарын декларациялау туралы" Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 20 мамырдағы N 219 бұйрығында (бұдан әрі - Бұйрық) (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 9 маусымда N 2355 тіркелген, "Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 1 желтоқсандағы N 537 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен бірге "Ресми газетте" 2003 жылғы 27 қыркүйекте N 39 жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарларды декларациялау ережесінде:
5-тармақта:
үшінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"бір алушының мекен-жайына бір жөнелтуші бір сыртқы сауда шарты бойынша жіберетін, қызмет аймағында Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттері орналасқан бір кеден органы арқылы тауарлардың жеткізілуін бақылаудың автоматтандырылған жүйесін және "ТС - SCAN FMG" контейнерлік сканерлеу жүйесін пайдалана отырып негізгі кедендік ресімдеуге бір мезгілде ұсынылатын бір көлік түрімен әкелінетін, тауарға ілеспе құжаттардың санына қарамастан, бестен астам автокөлік құралдарымен тасымалданатын тауарлар туралы.".

2 2. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Кедендік бақылауды ұйымдастыру департаменті (Е.Ә.Шығанбаев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің баспасөз қызметі (М.К.Исаева) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде жариялануын қамтамасыз етсін.

4 4. Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның облыстар (республикалық мәні бар қалалар) бойынша аумақтық бөлімшелері мен кедендерінің бастықтары осы бұйрықты барлық құрылымдық бөлімшелерге жеткізсін және оның тиісінше орындалуын қамтамасыз етсін.

5 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының бірінші орынбасары А.Қ.Ержановқа жүктелсін.

6 6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

Қолданыстағы