Құжат мәтініне өту

Об утверждении Инструкции о привлечении на договорной основе специалистов и экспертов для оказания содействия в проведении таможенного контроля

Бұйрық · № 252 · қабылданған 02.06.2004
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-20455/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Инструкции о привлечении на договорной основе специалистов и экспертов для оказания содействия в проведении таможенного контроля Күшін жойған Бұйрық ·№ 252 ·02.06.2004
21.09.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.09.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Инструкции о привлечении на договорной основе специалистов и экспертов для оказания содействия в проведении таможенного контроля

Күшін жойған Бұйрық ·№ 252 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Инструкции о привлечении на договорной основе специалистов и экспертов для оказания содействия в проведении таможенного контроля
Атауы (қаз.)
Кедендiк бақылау жүргiзуге жәрдем көрсету үшiн мамандар мен сарапшыларды шарттық негiзде тарту туралы нұсқаулықты бекiту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
252
Қабылданған күні
02.06.2004
Көрсетілген редакция
21.09.2010 AI20455_2.kaz
Соңғы өзгеріс
21.09.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V040002931_
ЭКБ идентификаторы
20455
Редакция идентификаторы
AI20455_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 20:02

0 Кедендiк бақылау жүргiзуге жәрдем көрсету үшiн мамандар мен сарапшыларды шарттық негiзде тарту туралы нұсқаулықты бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң 436-бабына сәйкес Бұйырамын:

1 1. Қоса берiлiп отырған Кедендiк бақылау жүргiзуге жәрдем көрсету үшiн мамандар мен сарапшыларды шарттық негiзде тарту туралы нұсқаулық бекiтiлсiн.

2 2. Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң Кеден кiрiстер департаментi (Н.С.Жанарбаева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.

3 3. Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң баспасөз қызметi (М.К.Исаева) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсiн.

4 4. Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң облыстар (республикалық мәнi бар қалалар, астана) бойынша кеден iсi мәселелерi жөнiндегi аумақтық бөлiмшелерi мен кедендерiнiң бастықтары осы бұйрықтың орындалуын қамтамасыз етсiн.

5 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi төрағасының орынбасары М.Е.Аманбаевқа жүктелсiн.

6 6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде жарияланған күнiнен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

0 Кедендiк бақылау жүргiзуге жәрдем көрсету үшiн мамандар мен сарапшыларды шарттық негiзде тарту туралы нұсқаулық

"Кедендiк бақылау жүргiзуге жәрдем
көрсету үшiн мамандар мен
сарапшыларды шарттық негiзде тарту
туралы нұсқаулықты бекiту туралы"
Қазақстан Республикасының
Кедендiк бақылау агенттiгi
төрағасының
2004 жылғы 3 маусымдағы
N 252 бұйрығымен бекiтiлген
Кедендiк бақылау жүргiзуге жәрдем көрсету үшiн мамандар мен сарапшыларды шарттық негiзде тарту туралы нұсқаулық

1

1. Осы Кедендiк бақылау жүргiзуге жәрдем көрсету үшiн мамандар мен сарапшыларды шарттық негiзде тарту туралы нұсқаулық Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң (бұдан әрi - Кеден кодексi) 436-бабына сәйкес әзiрлендi және шартты негiзде кедендiк бақылау жүргiзуге жәрдем көрсету үшiн мамандар мен сарапшылар (бұдан әрi - мамандар (сарапшылар) тарту мәселелерiн нақтылайды.

2

2. Кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның (бұдан әрi - Уәкiлеттi орган) мамандарды (сарапшыларды) тартуы, сондай-ақ кеден органдары мен мамандардың (сарапшылардың) өзара iс-қимыл жасау тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңнамада белгiленген тәртiппен Уәкiлеттi орган жасаған шарттың негiзiнде жүзеге асырылады.

3 3. Кедендiк ресiмдеудi жүргiзушi кеден органы (бұдан әрi - кеден органы) Кеден кодексiнiң 436-бабының 2-тармағында көзделген талаптардың қамтамасыз етiлуi шартымен мамандарға (сарапшыларға) тауарлар туралы олар зерттеулер жүргiзу үшiн қажеттi ақпарат бередi.

4 4. Маманмен (сарапшымен) өзара iс-қимыл жасау кезiнде кеден органы:

1 1) жүк кеден декларациясы (бұдан әрi - ЖКД) тiркелгеннен және тiркеу нөмерi берiлгеннен кейiн ЖКД және шот-фактура (инвойстың) түпнұсқаларының маманға (сарапшыға) уақытша берiлуiн;

2 2) құжаттамалық және нақты бақылаудың барлық кезеңдерi жүргiзiлгеннен кейiн және тауарларды шығару туралы шешiм қабылданғанға дейiн шығаруға дайындалған түпнұсқалық құжаттар пакетiнiң маманға (сарапшыға) уақытша берiлуiн;

3 3) тауарларды еркiн айналымға шығарғанға дейiн оларды бiрдейлендiру мақсатында тауарларды физикалық зерттеуге арналған жағдайларды қамтамасыз етедi.

5 5. Құжаттарды маманға (сарапшыға) берудi, сондай-ақ оларды маманнан (сарапшыдан) қабылдауды кеден органы және маман (сарапшы) осы Нұсқаулыққа қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнайы тiркеу журналдарына қол қою арқылы жүзеге асырады.

Осы Нұсқаулықтың 4-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген құжаттарды уақытша беру мерзiмi 30 минуттан аспауы тиiс.

6 6. Сараптамалық зерттеуге ұшыраған тауарлар бойынша кедендiк төлемдер мен салықтардың төленуiн қамтамасыз етудi кеден органы Кеден кодексiнiң 321-бабына сәйкес жүзеге асырады.

7 7. Кеден органына қарауға ұсынылатын маманның (сарапшының) алдыңғы бағалық ақпаратының, сондай-ақ актiлерi мен қорытындыларының (бұдан әрi - зерттеу нәтижелерi) нысандары тараптардың келiсiмiмен айқындалады.

8 8. Кеден органы маманның (сарапшының) зерттеулерiнiң барлық нәтижелерiн қарауға қабылдайды, оларды қараудың нәтижелерi туралы оны жазбаша нысанда хабардар етедi.

9 9. Кеден органы маманның (сарапшының) зерттеулерiнiң нәтижелерiн үш жұмыс күнiнiң iшiнде қарайды және мына шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:

1 1) зертеу нәтижелерiн толық көлемде қабылдау;

2 2) зерттеу нәтижелерiн iшiнара қабылдау;

3 3) зерттеу нәтижелерiн толық көлемде қабылдамау.

1 Тәуелсіз сарапшыға берілген құжаттарды есепке алу журналы

Қазақстан Республикасының Кедендік
бақылау агенттігі төрағасының
2004 жылғы 3 маусымдағы
N 252 бұйрығымен бекітілген
Кедендік бақылау жүргізуге жәрдем
көрсету үшін мамандар мен
сарапшыларды шарттық негізде
тарту туралы нұсқаулыққа қосымша
Тәуелсіз сарапшыға берілген құжаттарды есепке алу журналы
____________________________________________________________________
рб| ЖКД |Құжат. | Парақтар| Даналар |Құжаттарды | Кеден органы
N |тізімде. |тардың | саны | саны | қабылдау | лауазымды
|сінің N |атауы | | | күні мен | адамының
| | | | | уақыты | Т.А.Ә., қолы
____________________________________________________________________
1| 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7
____________________________________________________________________
кестенің жалғасы
_________________________________________________________________
Маманның | Құжаттардың | Кеден органы | Маманның |
(сарапшының)| қайтарылған | лауазымды |(сарапшының)| Ескерту
Т.А.Ә., қолы| күні және | адамының |Т.А.Ә., қолы|
| уақыты | Т.А.Ә., қолы | |
_________________________________________________________________
8 | 9 | 10 | 11 | 12
_________________________________________________________________

Қолданыстағы