Об установление публичного сервитута
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установление публичного сервитута
- Атауы (қаз.)
- Жария сервитут белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 284
- Қабылданған күні
- 17.12.2024
- Көрсетілген редакция
- 17.12.2024 204636_735912.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.12.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24UL00284A
- ЭКБ идентификаторы
- 204636
- Редакция идентификаторы
- 204636_735912
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 07:49
0 Жария сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы №442 Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17 бабының 1-1 тармақшасына және 69, 71-1 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» №148 Заңының 31, 37 баптарына және «Aral Resources LTD» ЖШС-ның директоры Ю.В.Митрофанскаяның Е-Otinish порталы арқылы жазған 08 қараша 2024 жылғы №ЗТ-2024-05906205 санды өтінішіне сәйкес, Созақ ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Aral Resources LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатты пайдалы қазбаларды барлау жұмыстарын жүргізу үшін Созақ ауданы Шу және Тасты ауылдық округтерінің аумағынан алаңы 22133 гектар жер учаскесіне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан 6 жылға дейін жария сервитут белгіленсін.
2
2. «Aral Resources LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау жұмыстарын мерзімдері мен орны, жерді рекультивациялау бойынша міндеттер және өзге де шарттарды айқындау үшін «Созақ ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен және жер учаскелерiнiң меншiк иелерi немесе жер пайдаланушылармен келісім шарттар жасасу қажеттілігі ескертілсін.
3 3. «Түркістан облысы Созақ ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;