Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Корпорация Казахмыс»

Қаулы · № 409 · қабылданған 20.12.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-204656/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Корпорация Казахмыс» Қолданыста Қаулы ·№ 409 ·20.12.2024
20.12.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.12.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Корпорация Казахмыс»

Қолданыста Қаулы ·№ 409 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Корпорация Казахмыс»
Атауы (қаз.)
«Казақмыс корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
409
Қабылданған күні
20.12.2024
Көрсетілген редакция
20.12.2024 204656_735088.kaz
Соңғы өзгеріс
20.12.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G24KM00409A
ЭКБ идентификаторы
204656
Редакция идентификаторы
204656_735088
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 07:39

0 «Казақмыс корпорациясы»

жауапкершілігі шектеулі
серіктестігіне қауымдық
сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС нің 11.11.2024 жылғы № ЗТ-2024-05924165 өтінішін негізге ала отырып, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Қазақмыс корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, Қарқаралы ауданы, Бақты ауылдық округінің босалқы жерінен өтетін уақытша айналма жолына, жалпы көлемі 0,5660 га меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймай, «Қарағанды-Аягуз-Тарбағатай-Бұғаз» автожолында орналасқан Қадыр өзені арқылы өтетін жол көпіріне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 2026 жылдың 31 желтоқсанға дейін қауымдық сервитут белгіленсін.

2

2. Жер пайдаланушы- «Қазақмыс корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) жер пайдаланушыларға және жер учаскесінің иелеріне толық көлемде шығындарын өтеуді қамтамасыз етсін, шығын көлемі және олардың өтемақысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімдері бойынша белгіленсін.

3 3. «Қарқаралы ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды қабылдасын.

4 4. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 «Корпорация Казахмыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

Қарқаралы ауданының әкімдігінің
2024 жылғы «20» желтоқсандағы
№ 409 қаулысына
қосымша
«Корпорация Казахмыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

Орналасқан жері
Кадастырлық номері
Жалпы көлемі, га
жария сервитут белгіленуге жататын учаскелердің бөліктерінің ауданы (лицензия шекарасында) га;
1
Қарқаралы ауданы Бақты ауылдық округінің босалқы жері
09-133-
0,5660
Барлығы:
0,5660

Қолданыстағы