Об установлении публичного сервитута на земельные участки для содержания и обслуживания магистрального кабеля связи акционерному обществу «Национальная компания «Қазақстан темір жолы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении публичного сервитута на земельные участки для содержания и обслуживания магистрального кабеля связи акционерному обществу «Национальная компания «Қазақстан темір жолы»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына байланыс магистральдық кабелін ұстау және қызмет көрсету үшін қауымдық сервитут белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 118/04
- Қабылданған күні
- 25.12.2024
- Көрсетілген редакция
- 25.12.2024 204907_735822.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.12.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24KO11804A
- ЭКБ идентификаторы
- 204907
- Редакция идентификаторы
- 204907_735822
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 07:17
0 «Қазақстан темір жолы» Ұлттық
компаниясы» акционерлік қоғамына
байланыс магистральдық
кабелін ұстау және қызмет
көрсету үшін қауымдық
сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабының 5-1) тармақшасына, 69-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына Осакаров ауданының Батпақты, Озерный ауылдық округтері мен Сарыөзек ауылдық округінің аумағында орналасқан жалпы ауданы 6,0487 гектар жер учаскелеріне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймай, байланыс магистральдық кабелін ұстау және қызмет көрсету үшін 49 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2
2. «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (келісім бойынша) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шығындарды толық көлемде өтеу қажет, шығындардың мөлшері және оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімімен анықталсын.
3 3. «Осакаров ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз ету:
1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіне енгізу және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау үшін қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жіберу;
2 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Жария сервитут белгіленуге жататын жер учаскелерінің тізбесі
Осакаров ауданы әкімдігінің
2024 жылғы «25» желтоқсандағы
№118/04 қаулысына қосымша
Жария сервитут белгіленуге жататын жер учаскелерінің тізбесі
№№
Учаскенің орналасқан жері
Жария сервитут белгіленуге жататын учаскелердің ауданы (лицензия шекарасында), га
1.
Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Озерный ауылдық округі
0,7246
2.
Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Батпақты ауылдық округі
2,8270
3.
Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Сарыөзек ауылдық округі
2,4971
6,0487