О некоторых вопросах создания республиканского государственного учреждения "Управление государственных доходов по Каратаускому району Департамента государственных доходов по Южно-Казахстанской области Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах создания республиканского государственного учреждения "Управление государственных доходов по Каратаускому району Департамента государственных доходов по Южно-Казахстанской области Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан"
- Атауы (қаз.)
- "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Қаратау ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесін құрудың кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 318
- Қабылданған күні
- 25.04.2015
- Көрсетілген редакция
- 25.04.2015 20493_110245.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.04.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1500000318
- ЭКБ идентификаторы
- 20493
- Редакция идентификаторы
- 20493_110245
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:19
0 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Қаратау ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесін құрудың
кейбір мәселелері туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 159-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Қаратау ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі құрылсын.
2 2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік мекемені қаржыландыру 2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
3 3. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің республикалық мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелерінің тізбесі» деген 1-бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 172-1-жолмен толықтырылсын:
«172-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Қаратау ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы».